Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 50/6-8 22 маусым 2023 жыл
Целиноград аудандық
мәслихатының кейбір
шешімдерінің
күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Целиноград ауданы әкімінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 03-47/882 ұсынысы негізінде Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
Целиноград аудандық мәслихатының
2023 жылғы 22 маусымдағы № 50/6-8
шешіміне қосымша
Целиноград аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылған тізбесі
- Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 115/13-6 «Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімі;
- Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 148/20-6 «Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 115/13-6 «Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі;
- Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 293/42-6 «Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 115/13-6 «Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі;
- Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 352/50-6 «Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 115/13-6 «Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі.