Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 Ақмол ауылы          № 47/6-8       22 маусым 2023 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен

тыс алтыншы сессиясының

күн тәртібі туралы

               

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс  алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Сулейменов Сәкен Бейсембайұлы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі Қаражар ауылы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Тулеубеков Дәулет Мерекеұлы, «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.

Ақпарат беруші: Маймакова Айнұр Азаматқызы, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» Целиноград ауданының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

  1. «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.

Ақпарат беруші:  Жұмабай Бахтияр, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                             Л. Қонарбаева                                                          

Целиноград аудандық мәслихатының 22.06.2023 ж. № 47/6-8 "Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы" шешімі
Дата публикации
01 августа 2025