Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы           № 42/5-8         30 мамыр 2023 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен

тыс бесінші сессиясының

күн тәртібі туралы

               

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс  бесінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі, Қабанбай батыр ауылдық округі, Қараөткел ауылдық округі, Қоянды ауылы, Жарлыкөл ауылдық округі, Тасты ауылдық округі, Арайлы ауылдық округі, Жаңаесіл ауылдық округі, Родина ауылдық округі, Приречный ауылдық округі, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі, Софиевка ауылдық округі, Талапкер ауылдық округі, Шалқар ауылдық округі, Мәншүк ауылы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспарын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: «Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрлан Серікқазыұлы Дулатов.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жанар Еркінқызы Байдильдина.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жанар Еркінқызы Байдильдина.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы ақсақалдар Кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жанар Еркінқызы Байдильдина.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Қонарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 16.05.2023 ж. № 42/5-8 "Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясының күн тәртібі туралы" шешімі
Дата публикации
01 августа 2025