Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 39/4-8 16 мамыр 2023 жыл
2022 жылғы ауылдар,
ауылдық округтер бюджетінің
атқарылуы туралы жылдық
есепті бекіту туралы
Жоғарыда аталған мәселе бойынша Целиноград ауданының әкімі Б. А. Оспанбековтың, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Д. М. Нұрмағанбетовтың есептерін тыңдап, талқылағаннан кейін Целиноград аудандық мәслихаты, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен 2022 жылғы Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерін атқару бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
Ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің кіріс бөлігі 107,7 пайызға орындалды және 2 131 564,7 мың теңгені құрады, 2021 жылмен салыстырғанда түсім 1 246 324,1 мың теңгеге ұлғайды. Бюджеттердің кіріс бөлігінің атқарылуына жүргізілген талдау арқылы негізгі үлес жоғары тұрған органдардан түсетін трансферттер түсімдеріне – 1 328 974,0 мың теңге келетіні анықталды. Ауылдар, ауылдық округтер бюджеттері бойынша өз табыстары бөлінісінде салық түсімдерінің орындалуы 114,4 пайызды құрады, жоспар бойынша 243 424 мың теңге, бюджет кірісіне 308 641,5 мың теңге түсті, асыра орындалуы – 65 217,5 мың теңгені құрады. Салықтық емес түсімдер 3 249,1 мың теңгені құрады.
Ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің шығыс бөлігі 98,2 пайызға орындалып, 1 943 746,2 мың теңгені құрады. 2022 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтердің бюджеттерін іске асыру ауданның ауылдық аумақтарын дамытуға оң әсерін тигізді.
Сонымен қатар, ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерін атқару мәселелерінде кемшіліктер мен олқылықтар бар. «Родина ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің салық түсімдері бойынша жоспарлары асыра орындалды: орындалуы 167,2 пайызды құрады (жоспар 3 900,0 мың теңге болған кезде бюджет кірісіне 6 519,5 мың теңге түсті, асыра орындалуы – 2 619,5 мың теңге). Бұл фактілер салық түсімдерін жоспарлау және орындау кезінде бюджеттік жүйе қағидаттарының бұзылғанын көрсетеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің қаражатты дебиторлық берешек түрінде аудару тәжірибесі жүйелік сипатқа ие болды. 01.01.2023 жылға дебиторлық берешек өткен 2021 жылмен салыстырғанда 9 842,9 мың теңге сомасына 18 есе өсті (01.01.2022 жылға – 538,9 мың теңге). Дебиторлық берешектің негізгі сомасы 6 180,3 мың теңге - Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру (Тайтөбе, Арайлы, Мәншүк, Ақмол,),
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кредиторлық берешек сомасы – 4 067,1 мың теңгені құрады, 2021 жылмен салыстырғанда 199 есе ұлғайды (01.01.2022 жылғы – 20,4 мың теңге). Мұның себебі - мекемелердің шығындар лимиттерін сақтамауы, Бұл кредиторлық берешектің пайда болуына әкелді.
Кредиторлық берешектің негізгі сомасы:
- «Талапкер ауылдық округінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 4000 мың теңге сомасында немесе берешек сомасының 98,4- пайызын құрайды
2022 жылы игерілмеген қаражат сомасы 36 336,9 мың теңгені құрады. Бюджет қаражатын Елеулі игермеуге «Қабанбай батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері 10 370,4 мың игерілмеген, «Талапкер ауылдық округі әкімінің аппараты» 4 000,0 мың теңге игерілмеген, «Жарлыкөл округі әкімінің аппараты» 2 100,5 мың теңге игерілмеген «Арайлы ауылдық округі әкімінің аппараты» 1 910,6 мың теңге игерілмеген.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2023 жылғы 19 сәуірдегі қорытындылары негізінде Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастықтарының және Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің ұсынымдарын Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер - 2 131 564,7 мың теңге:
салық түсімдері - 308 641,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 249,1 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 1 328 974,0 мың теңге;
2) шығындар - 1 943 746,2 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
4) бюджет тапшылығы (профициті) – 69 538,9 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 69 538,9 мың теңге:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 69 538,9 мың теңге;
қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары - 76 244,0 мың теңге.
Есепті жылдың соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары - 187 818,4 мың теңгені құрайды.
1) Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығыстарын жоспарлау сапасын арттыруды бақылауды күшейту;
2) ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) қаржылық есептілікті дұрыс және толық ұсынғаны, сондай-ақ бюджеттік өтінімдерді сапалы бергені үшін жауапкершілігін қамтамасыз ететін қаржылық тәртіпті нығайту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
1) ауыл, ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстарын жоспарлау және пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
2) ауылға, ауылдық округке аудандық бюджеттен трансферттер, оның ішінде субвенциялар түрінде бөлінетін бюджет қаражатын уақтылы және толық көлемде игеруді қамтамасыз етуге;
3) өз табыстарының үлесін ұлғайту жөніндегі мақсатты жұмысты жалғастыруға, салық салынатын базаға және бюджетке түсетін түсімдерге жыл ішінде кезең-кезеңімен мониторинг жүргізуге;
4) ауылдың, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастығына ауылдың, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есептер беруге міндетті.
1) бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту;
2) ауыл, ауылдық округ әкімінің бюджеттің кірістері мен шығыстарының орындалуы, трансферттердің пайдаланылуы туралы есептерін қарауға және талқылауға міндетті.
Целиноград аудандық
мәслихаты тұрақты
комиссиясының төрағасы А. Капанов
«Келісілді»
Целиноград ауданының әкімі
_________________Б. Оспанбеков
____ _______ 2023