Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының бірінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 Ақмол ауылы           № 1/1-8           30 марта 2023 жыл

 

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының

бірінші сессиясының

күн тәртібі туралы

 

        

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                        23 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1. Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы.

Ақпарат беруші:  Аманжолова Жайнагуль Сергеевна, комиссия төрағасы

2.   «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын Целиноград аудандық мәслихатында тіркеу туралы.

3. Целиноград аудандық мәслихатының төрағасын сайлау туралы.

4. Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы.

5. Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының құрамы мен оның төрағасын сайлау туралы.

6. Целиноград аудандық мәслихатының әлеуметтік, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттіктер және этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияның құрамы мен оның төрағасын сайлау туралы.

7. Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсан № 209/37-7 «Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

8. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

                                      

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Конарбаева

I-сессияның күн тәртібі
Дата публикации
31 июля 2025