Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 240/39-7 16 қаңтар 2023 жыл
Целиноград аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
18 ақпандағы № 107/19-7
«Целиноград аудандық
мәслихатының регламентін
бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Целиноград аудандық мәслихатының Регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
Целиноград аудандық мәслихаттың 2023 жылғы
16 қаңтардағы № 240/39-7
шешіміне қосымша
Целиноград аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
18 ақпандағы № 107/19-7
шешімімен бекітілген
Целиноград аудандық мәслихатының регламенті
Егер мәслихаттың сессиясына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, оның құқықтық күші бар болды. Осы тармақтың бесінші бөлігінде көрметілген жағдайларды қоспағанда, сессия мәслихаттың техникалық мүмкіндіктері ескеріліп, интернет-ресурстарда онлайн-трансляция ұыймдастырыла отырып жалпы отырыстар нысанында өткізіледі.
Сессияның жұмысында мәслихаттың шешімі бойынша мәслихат белгілеген, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін. Сессияның ұзақтығын мәслихат айқындайды.
Мәслихаттың әрбір отырысының алдында қатысып отырған депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижелерін мәслихат төрағасы отырыс басталардан бұрын жария етеді.
Мәслихат сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Егер бұған қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, мәслихат төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімі бойынша жабық сессияларды өткізуге жол беріледі.
Төтенше жағдай режимі жарияланған кезде немесе төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою кезінде, шектеу шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде сессия бейне-конференц байланыс немесе өзге де байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Дауыс беру:
1) бар болса, дауыстарды санаудың электрондық жүйесі пайдаланылып;
2) қол көтеру арқылы;
3) бюллетеньдерді пайдалана отырып.
Дауыс беруді өткізу үшін депутаттардың қажетті саны болмаған кезде мәслихат төрағасыне оны алмастыратын адам кворумды қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Кворумды қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде төрағалық етуші дауыс беруді мәслихаттың келесі отырысына ауыстырады.
Өткізілген дауыс беру рәсімі мен техникасында қателер анықталған жағдайда, мәслихаттың шешімі бойынша қайта дауыс беру өткізіледі.
Барлық мәселелер бойынша дауыс беру нәтижелерін мәслихат төрағасы немесе оны алмастыратын адам дауыс беруге қатысқандардың, «жақтап», «қарсы» дауыс бергендердің, қалыс қалғандардың санын және дауыс беру қорытындысын көрсете отырып жария етеді. Деректер мәслихат отырысының хаттамасына енгізіледі.
Мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдерінің күшін жою, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу олар қабылданған кездегідей дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Кезектен тыс сессияны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей кезектен тыс сессия шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.
Ақпарат сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемінде үш күн бұрын Целиноград аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
Мәслихат төрағасы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемінде үш күн бұрын Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарына және аудан әкіміне қағаз немесе электрондық түрде табыс етеді.
Сессияның күн тәртібіне ұсыныстарды Целиноград аудандық мәслихатының төрағасына жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары, қоғамдық бірлестіктер ұсына алады.
Сессияның күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін. Целиноград аудандық мәслихаты сессияның күн тәртібін бекіту туралы шешім қабылдайды.
Күн тәртібі бойынша дауыс беру әрбір мәселе бойынша бөлек өткізіледі. Егер Целиноград аудандық мәслихаты депутаттарының көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.
Шақырылған адам тәртіпті өрескел бұзған жағдайда Целиноград аудандық мәслихаты төрағасының шешімі немесе сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің талабы бойынша мәжіліс залынан шығарылуы мүмкін.
Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы өз бастамасы бойынша немесе депутаттардың дәлелді ұсынысы бойынша үзіліс жариялай алады. Жалпы отырыстың соңында депутаттарға қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз ашылмайды.
Мәслихат депутаты бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Депутаттық сауалдар, сұрақтарға түсініктер мен жауап беру үшін сөйлеу жарыссөздерде сөз сөйлеу деп есептелмейді. Сөйлеу құқығын басқа депутатқа беруге жол берілмейді.
Жарыссөз сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің ашық дауыс беруімен тоқтатылады. Жарыссөзді тоқтату туралы мәселе қойылған кезде мәслихат төрағасы сөз сөйлеуге жазылған және сөйлеген депутаттардың саны туралы хабарлайды, кімнің сөз алуды талап ететінін анықтайды.
Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша сұрақтар мәслихат төрағасына беріледі және мәслихат отырысында жария етіледі.
Мәслихат төрағасымен қабылданған шешімдердің жобасы мен тіркелген қағаздарды тұрақты комиссияға қарауға және ұсыныстар ұсынуға жолданады.
Мәслихаттың төрағасы қарауға қабылданған шешімдердің жобаларын барлық қажетті материалдарымен бірге тұрақты комиссияларға қарау және ұсыныстар дайындау үшін жібереді. Бір мезгілде Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріне мәслихат актісінің жобасы бойынша қорытынды, сессияға қосымша баяндама дайындау, қосымша ақпарат жинау және талдау жүргізу жүктелуі мүмкін.
Целиноград аудандық мәслихатының «Аудандық бюджет туралы», «Ауыл, ауылдық округ бюджеттері туралы» шешімдерінің жобаларын дайындау осы Регламенттің 29-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Шешімдердің жобаларымен жұмыс істеу және басқа да мәселелерді дайындау үшін тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады. Қажет болған жағдайда жұмыс тобының құрамына басқа тұрақты комиссияның депутаттары тартылуы мүмкін. Жұмыс тобының жұмысына кез келген депутат қатыса алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, аудан әкімінің ұсынымы бойынша мәслихат онымен бірлескен шешім қабылдайды.
Шешімдер жобаларына жауапты комиссияның (жұмыс тобының) немесе депутаттық фракцияның баяндамасында шешімдердің жобаларына енгізілген және қабылданбаған ұсыныстар көрсетіледі, түзетулерді қабылдаудың немесе қайтарудың себептері дәлелденеді.
Қосымша баяндаманың ережелерімен немесе шешімдердің жобалары бойынша қорытындылармен келіспейтін тұрақты комиссиялар, комиссиялардың және жұмыс топтарының жекелеген мүшелері өз пікірлерін қаралатын мәселе бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейін баяндай алады.
Рәсімдік мәселелер бойынша мәслихаттың шешімдері отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы, жеке шешім қабылданбай, хаттама арқылы қабылданады және отырыс хаттамасында тіркеледі.
Рәсімдік мәселелер: отырысты жүргізу тәртібі, мәселелерді талқылау кезектілігі, жарыссөзді тоқтату, сөз сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту, дауыс беру тәсілі, кворумды куәландыру және дауыстарды қайта санау, бұрын қабылданған шешімдерге қайта оралу және (немесе) қаралатын мәселелер бойынша қайта дауыс беруді өткізу туралы мәселелер болып табылады.
Шешімдердің енгізілген барлық жобалары дауысқа салынады. Жобалардың бірі негізге алынғаннан кейін депутаттар оған түзетулер қабылдау рәсіміне кіріседі.
1) мәслихат шешімінің ұсынылған (пысықталған) жобасы негізге алынады, ол кері қайтарылған жағдайда, түзетулер бойынша одан әрі дауыс беру тоқтатылады;
2) негізге алынған жобаға енгізілмеген түзетулер кезекпен дауысқа салынады;
3) сессия шешімі қабылданған түзетулерді ескере отырып, тұтастай дауысқа салынады. Шешімдердің қабылданбаған жобалары және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайта дауыс беруге жол берілмейді. 27. Түзетулер жеке-жеке дауысқа салынады, оларға дауыс берудің ретін мәслихат төрағасыне оны алмастыратын адам айқындайды. Өзара қарама-қайшы келетін түзетулер бойынша дауыс беру алдында соңғысын төрағалық етуші оқиды. Түзету авторларының олардың мәні бойынша түсінік бере отырып немесе оларды талқылаудан алып тастау туралы ұсыныспен сөз сөйлеуіне жол беріледі.
Мәслихат шешімдеріне өзгерістер оларды қабылдау үшін белгіленген тәртіппен енгізіледі.
Сессиялардың хаттамалары сессиядан кейін бір айдан кешіктірілмей басылып, заңнамада белгіленген тәртіппен сақталады.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін шешімдердің жобасы әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттардың қарауына енгізілуі мүмкін.
Мәслихат төрағасыбюджет жобасы түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тиісті комиссиялардың атына бюджет жобасы бойынша қорытынды дайындау үшін қажетті мерзімдерді көрсете отырып тапсырма жібереді.
Тұрақты комиссиялар мәслихаттың уақытша комиссиясының пікірін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептермен Целиноград ауданы бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинау мен Целиноград ауданы бюджетінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.
«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сессия басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей барлық қажетті материалдармен бірге бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын мәслихат төрағасына ұсынады.
Аудандық бюджет облыстық бюджетті бекіту туралы Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерін аудандық бюджетті бекіту туралы аудандық мәслихаттың шешіміне қол қойылған күннен бастап қаржы жылының соңына дейін аудандық мәслихат бекітеді.
Ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерін аудандық мәслихаттың жеке шешімдерімен бекітуге жол беріледі.
Мәслихат төрағасының не оны алмастыратын адамның сөзінен кейін Целиноград ауданының әкіміне сөз беріледі.
Әкімнің баяндамасында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауданның даму бағдарламаларының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу, ауданның одан әрі дамуының міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Есеп беруден кейін депутаттар сұрақтар қоюға және оларға жауаптар алуға, өз пікірін айтуға құқылы.
Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың қарауына енгізіледі.
1) әкімнің (оның міндетін атқарушы тұлғаның)есебін бекіту туралы;
2) есепті қабылдамау және оны қайта тыңдау қажеттілігі туралы.
Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) есебін қайта тыңдау қабылданбаған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) пысықталған есебі қабылданбаған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей мәслихатқа енгізіледі.
әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі;
лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасауы.
Ауыл, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау Заңның 39-3-бабына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен расталады.
Аудандық мәслихат төрағасыжылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді.
Аудандық мәслихаттың және мәслихаттың өзге де органдарының тұрақты комиссияларының төрағалары жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есеп береді.
Аудандық мәслихаттың және мәслихаттың өзге де органдарының тұрақты комиссияларының төрағалары жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есеп береді.
Мәслихат төрағасын не оны алмастыратын адамды не тұрақты комиссиялар төрағаларын тыңдау күн тәртібі бойынша тиісті аумақ әкімінің қысқаша кіріспе сөзімен басталады.
Тиісті аумақтың әкімінен кейін сөз мәслихат төрағасына не оны алмастыратын адамға не тұрақты комиссиялардың төрағасына беріледі.
Есеп беруден кейін халық сұрақтар қоюға және оларға жауаптар алуға, өз пікірлерін айтуға құқылы, олар хаттамаға енгізіледі.
Есеп беру кездесулерінің хаттамаларын мәслихат аппаратының басшысы дайындайды және оған мәслихат төрағасы немесе оны алмастыратын адам не тұрақты комиссияның төрағасы қол қояды.
Депутатқа депутаттық сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріледі. Прокурордың атына берілген депутаттық сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.
мәслихаттың өзге де органдары, мәслихаттың депутаттық бірлестіктері
6.1. Мәслихат төрағасы
Ұсынылатын кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кандидаттар өздерінің алдағы қызметінің үлгі бағдарламаларымен таныстырады. Егер ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусын алса, Кандидат мәслихаттың төрағасы лауазымына сайланды деп есептеледі.
Егер мәслихат төрағасының лауазымына екіден көп кандидат ұсынылған болса және олардың бірде-бірі сайлану үшін талап етілетін дауыс санын ала алмаса, неғұрлым көп дауыс алған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру жүргізіледі.
Егер қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидаттардың бірде-бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан астам даусын ала алмаса, қайта сайлау өткізіледі.
Мәслихат төрағасы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.
Мәслихат төрағасы өкілеттіктерін Заңға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
6.2. Мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиялары
Әрбір тұрақты комиссияның тізбесі, саны және құрамы жеке-жеке дауысқа салынады. Олардың сандық және дербес құрамын мәслихат төрағасының ұсынысы бойынша мәслихат айқындайды.
Тұрақты комиссиялардың саны жетіден аспауға тиіс.
Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады.
Жария тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары нысанында тұрақты комиссиялардың қарауына жатқызылған өте маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
Жария тыңдауларды өткізу үшін депутаттар қатарынан жұмыс тобы құрылады. Тыңдауларды дайындау үшін өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін.
Тұрақты комиссия бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Жария тыңдаулар өткізілгенге дейін бір ай бұрын алдағы жария тыңдаулардың тақырыбын, өткізілетін күні мен уақытын халықтың назарына жеткізеді.
Жария тыңдауларға тұрақты комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырады. Жария тыңдауларда мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларының депутаттары қатыса алады.
Жария тыңдауларда тұрақты комиссияның депутаты сөйлегеннен кейін сұрақтарға жауап беруге уақыт бөлінеді.
Комиссия депутатының баяндамасына сөз сөйлеу қорытындылары бойынша келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер жария тыңдаулар хаттамасына енгізіледі.
Жария тыңдаулардың хаттамасын мәслихат аппаратының қызметкері дайындайды және оған жария тыңдауларда төрағалық еткен депутат қол қояды.
Тұрақты комиссиялардың отырыстары қажеттілігіне қарай шақырылады және мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, құқықтық күші бар деп есептеледі.
Тұрақты комиссияның қаулысы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.
6.3. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы
Егер мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы лауазымына екіден көп кандидат ұсынылып, олардың бірде-бірі сайлану үшін талап етілетін дауыс санын ала алмаса, неғұрлым көп дауыс алған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.
Егер қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидаттардың бірден-бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан көбінің даусын жинай алмаса, қайтадан сайлау өткізіледі.
Егер комиссия отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
6.4. Мәслихаттың есеп комиссиясы
Мәслихат есеп комиссиясының тақ саннан тұратын құрамын ашық дауыс беру арқылы депутаттар қатарынан сайлайды.
Мәслихат осы комиссияның құрамына мәслихат аппаратының, мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін қосуға құқылы.
Есеп комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды, оның шешімдері ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Ашық дауыс беру басталар алдында мәслихат төрағасы дауысқа қойылатын ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың мазмұнын оқып береді.
Жасырын дауыс берудің уақыты мен орнын, оны өткізу тәртібін есеп комиссиясы белгілейді және огы есеп комиссиясының төрғасы хабарлайды.
Бюлелетеньдерді беру тікелей дауыс беру алдында жүргізідеді, олар есеп комиссиясының бақылауымен, ол белгілеген нысан бойынша отырысқа қатысып отырған депутаттардың санына тең мөлшерде дайындалады және оларға есеп комиссиясының төрағасы қол қояды.
Әрбір депутатқа есеп комиссиясының төрағасы қол қойған бір бюллетень беріледі. Бюллетеньдердің жалпы саны мәслихат депутаттарының тізімдік құрамының санынан аспауға тиіс.
Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мәслихат депутаттарына олар депутат куәлігін көрсеткен кезде беріледі.
Белгіленбеген нысандағы бюллетеньдер есептеу кезінде есепке алынбайды.
Белгіленбеген нысндағы бюллетеньдер, ал лауазымды адамдарды сайлау кезінде бір лауазымға біреуден артық кандидатура белгіленген бюлллетеньдер де жарамсыз деп есептеледі. Дауыстарды санау кезінде бюллетеньде қосымша жазылған тектер есепке алынбайды. Біреуден артық шешім жобасы белгіленген бюллетеньдер жарамсыз деп есептеледі.
Толтырылмаған бюллетеньдер және барлық кандидаттардың тектері белгіленбеген бюллетеньдер жарамды деп танылады, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайды.
Есеп комиссиясы дауыс беру аяқталған соң дауыс беруге арналған жәшікті ашуға тиіс. Дауыс беру аяқталғанша жәшікті ашуға тыйым салынады.
Есеп комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған есеп комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
Өткізілген дауыс беру рәсімі мен техникасында қателер анықталған жағдайда мәслихаттың шешімі бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.
Дауыс беру кезінде болмаған мәслихат депутаты кейіннен дауыс беруге құқылы емес.
6.5. Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер
1) мәслихаттың күн тәртібі, талқыланатын мәселелерді қарау тәртібі және олардың мәні бойынша ескертулер мен ұсыныстар енгізуге;
2) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша пікірлерін айтуға;
3) мәслихат шешімдерінің жобаларына түзетулер ұсына алады;
4) депутаттық бірлестіктің қызметі үшін қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға құқылы.
1) бір-біріне және мәслихат сессияларының, мәслихат комиссиялары мен оның жұмыс органдарының жұмысына қатысатын барлық басқа да адамдарға құрметпен қарауға тиіс;
2) өз сөздерінде мәслихат депутаттарының және басқа тұлғалардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін негізсіз айыптауларды, дөрекі, қорлайтын сөздерді қолданбауға тиіс;
органдарының қалыпты жұмысына кедергі келтірмеуге тиіс;
5) сөйлеушілердің сөзін бөлмеуге тиіс.
Мәслихат аппараты жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қамтылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Мәслихат аппараты туралы ережені мәслихат бекітеді.
Мәслихаттың өкілеттік мерзімі аяқталғанда, мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслиахт аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.