Целиноград ауданының Софиевка ауылы және Софиевка ауылдық округін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы

Целиноград ауданы әкімдігі мен Целиноград аудандық мәслихатының БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ және ШЕШІМІ

 

Целиноград ауданының әкімдігі

Ақмол ауылы

2023 жылғы 16 қаңтардағы

№ А-1/8 қаулы

 

Целиноград аудандық мәслихаты

Ақмол ауылы

2023 жылғы 16 қаңтардағы  

№ 236/39-7 шешім

 

 

Целиноград ауданының

Софиевка ауылы және

Софиевка ауылдық округін

қайта атау жөнінде ұсыныстар

енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Целиноград ауданының Софиевка ауылы және Софиевка ауылдық округін қайта атау жөнінде Ақмола облысы әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихатының қарауына келесі ұсыныстар енгізілсін:

Софиевка ауылын Тасбұлақ ауылына;

Софиевка ауылдық округін Тасбұлақ ауылдық округіне.

  1. Осы Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы және Целиноград аудандық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Целиноград ауданының әкімі                     Б. Оспанбеков

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                              Л. Конарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 16.01.2023 ж. № 236/39-7 шешімі
Дата публикации
30 июля 2025