Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 274/40-6 «Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 Ақмол ауылы       № 233/39-7       16 қаңтар 2023 жыл

 

 

 Целиноград аудандық мәслихатының

2019 жылғы 11 қаңтардағы № 274/40-6

«Целиноград аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының мүшелерін

сайлау туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 274/40-6 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі болып Асылбек Сайранұлы Тасбулатов сайлансын;

аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі болып Аятолла Жұмақанұлы Рақымбек сайлансын;

аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі болып Гульзана Орынбайқызы Хусаинова сайлансын  

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Целиноград аудандық                  

мәслихатының төрағасы                              Л. Конарбаева

Целиноград аудандық мәслихатының 16.01.2023 ж. № 233/39-7 шешімі
Дата публикации
30 июля 2025