Жоғарыда аталған мәселе бойынша Целиноград ауданының әкімі Д. С. Сабырғалидің, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі М. Х. Рахимжановтың есептерін тыңдап, талқылағаннан кейін Целиноград аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдары 2024 жылға арналған аудан бюджетін орындау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтті.
Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 2023 жылғы деңгейде 101,7 пайызға орындалды. Салықтық және салықтық емес түсімдер тиісінше 114,1 және 134,0 пайызға орындалды (2023 жылы – 112,3 және 105,2 пайыз). Кірістердің жалпы сомасынан трансферттер түсімдері 99,1 пайызды құрады, өткен жылмен салыстырғанда аудандық бюджеттегі трансферттер түсімдерінің үлесі 7,6 пайызға азайды. Айта кету керек, аудандық бюджеттің түсімдері негізінен республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттер есебінен жүзеге асырылады, аудандық бюджеттің жоғары тұрған бюджеттерден түсетін субвенциялар мен трансферттер түсімдеріне тәуелділігі сақталады. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша 2024 жылы орындау 382 651,8 мың теңгені немесе 147,1 пайыз құрады, өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 100 398,5 мың теңгеге төмендеді, жыл сайын негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер азаяды (2023 жылы түсім-483 050,2 мың теңгені құрады 2022 жылы түсім-529 982,2 мың теңгені құрады теңге, 2021 жылы– 565 071,9 мың теңге, 2020 жылы-584 598,5 мың теңге).
Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 93,2 пайызға орындалды. Аудандық бюджет шығындарының негізгі сомасы «Көлік және коммуникация» функционалдық топтарына - 12 008 119,6 мың теңге немесе 30,4 пайыз, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» – 6 436 034,7 мың теңге немесе 16,3 пайыз, «Өзгелері» - 11 119 018,4 мың теңге немесе 28,1 пайыз тиесілі.
2024 жылғы аудандық бюджеттің іске асырылуы ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді. Түскен қаражат негізінен мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларды іске асыруға бағытталды.
Жалпы, 2024 жылы 47 километр жол учаскесі асфальтталды (Талапкер - 4,5 километр, Қараөткел – 7 километр, Қоянды – 3 километр, Қызылжар – 5,8 километр, Өтеміс – 2,2 километр, Тонкерис – 9 километр, Қажымұқан – 6,6 километр, Қабанбай батыр – 4,1 километр). 2024 жылдың қорытындысы бойынша көше - жол желісі жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесінің көрсеткіші 65 пайызға, аудандық маңызы 68 пайызға жетті.
Сонымен қатар, 2024 жылға арналған аудандық бюджетті атқару мәселелерінде кемшіліктер мен олқылықтар бар.
Салықтық және салықтық емес түсімдерді талдау жекелеген түсімдер бойынша кірістерді жоспарлау бойынша жұмыс тиісінше жүргізілмейтіндігін айғақтайды:
2024 жылы жеке табыс салығы 115,2 пайызды құрады, жоспар бойынша 775 331,9 мың теңге бюджет кірісіне 893 034,1 мың теңге түсті, асыра орындау-117 702,2 мың теңгені құрады;
Жер салығы 8 600,6 жоспар бойынша 225,1 пайыз құрады, 19 357,7 мың теңге түсті, асыра орындау 10 757,1 мың теңгені құрады;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімі мүлдем жоспарланбаған, бюджет кірісіне 5 115,8 мың теңге түскен.
Салықтық емес түсімдер 2023 жылмен салыстырғанда 133 903,7 мың теңгеге төмендеп, 2024 жылғы жоспардан 115 514,2 мың теңгеге асып түсті.
2024 жылы негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер нақты түсімдер 2024 жылғы жоспардан 122 532,3 мың теңгеге асып түскеніне қарамастан, 2023 жылмен салыстырғанда іс жүзінде 100 398,5 мың теңгеге төмендеді.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудандық бюджеттегі берешек сомасы 66 108,9 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 21 215,0 мың теңгеге артық (44 893,9 мың теңге). Берешектің жоғары деңгейі берешекті өндіріп алу жөніндегі жұмыстағы проблемаларды көрсетеді, бұл Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мен ауылдық округтер әкімдіктері тарапынан қосымша күш-жігерді талап етеді.
2024 жылғы кезеңде игерілмеген қаражат сомасы 2 миллиард 865 миллион 871 мың 400 теңгені құрады, оның ішінде: 421 605,0 мың теңге республикалық бюджеттен трансферттер, 2 140 405,6 мың теңге облыстық бюджеттен трансферттер, 145 246,1 мың теңге Ұлттық қордан трансферттер, 158 614,7 мың теңге аудандық бюджет қаражаты.
Бюджет қаражатын игермеудің негізгі себептері: өнім берушінің келісімшарттық талаптарды орындамауы, жоспарланған іс-шараларды өткізудегі кідірістер, конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу, қосымша келісімдер жасаспау, жобаларды түзету, мемлекеттік сатып алу порталындағы техникалық қателер болды.
Қаражатты игермеудің ең көп сомасына құрылыс бөлімі – 2 215 890,2 мың теңге (81,4 пайыз), жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 553 810,7 мың теңге (97,5 пайыз), мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 68 959,3 мың теңге (93,1 пайыз) жол берді.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дебиторлық берешектің жалпы сомасы 735 471,6 мың теңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 156 095,7 мың теңге болды),
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, 2025 жылғы 18 сәуірдегі Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының, Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының қорытындылары, Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің ұсынымы негізінде, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер - 41 086 749,5 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер 5 741 203,8 мың теңге; салықтық емес түсімдер 429 625,6 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 127 344,1 мың теңге; трансферттер түсімдері 34 788 576,0 мың теңге;
2) шығындар - 38 330 636,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 60 823,7 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 325 928,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 265 104,3 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – -4 476,4 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 699 766,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -2 699 766,2 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі – 325 928,0 мың теңге, қарыздарды өтеу – 1 853 422,0 мың теңге, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – -1 172 272,2 мың теңге.
1) аудандық бюджеттің кірістері мен шығыстарын жоспарлау сапасын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға, бюджетке берешекті төмендетуге және жоюға бағытталған шаралар қабылдау;
2) бюджеттік бағдарламалар нәтижелеріне қол жеткізуді, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалануды бақылауды күшейту;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің талаптарына сәйкес аудандық бюджеттің кірістері мен шығыстарын атқару, нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік мекемелер басшыларының жауапкершілігін қарау.
1) аудандық бюджеттің бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көрсеткіштерінің бекітілген (нақтыланған, түзетілген) параметрлерге, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) кезекті қаржы кезеңіне арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде аудан дамуының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін неғұрлым сапалы пайдалануға, бюджетті атқару кезінде барлық болжанатын тәуекелдерді мұқият есептеу;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілікті дұрыс және толық ұсынғаны, сондай-ақ бюджеттік өтінімдерді сапалы бергені үшін жауапкершілігін қамтамасыз ететін қаржылық тәртіпті нығайту жөнінде шаралар қабылдау;
4) дебиторлық және кредиторлық берешекті, оның ішінде мерзімі өткен берешекті қысқарту, оның одан әрі өсуі мен қалыптасуына жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтуге;
5) шығыстардың жекелеген түрлері бойынша Целиноград ауданының бюджетінен қаржыландырылатын мекемелердің артық төлемдерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау, бюджеттік бағдарламалардың орындалуының қатаң қаржылық тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету.
1) бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ету.
2) бұдан әрі бюджет қаражатының игерілмеуіне жол бермеуге бағытталған шаралар қабылдасын.
1) бюджет қаражатын, оның ішінде ағымдағы трансферттер мен даму трансферттерін уақтылы және толық көлемде игеруді қамтамасыз ету; мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламалар шеңберінде көзделген жобаларды іске асыру мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу;
2) жеткізушілер шарттық міндеттемелерді сақтамаған жағдайларда жеткізушілерден шарттық міндеттемелерді орындауға қол жеткізу, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау;
3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуды уақтылы жүргізу, қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарларын жасау кезінде көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар мен сатып алынған тауарлар үшін нақты төлем мерзімдерін ескеру, мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзу фактілеріне жол бермеу.
1) өз кірістерінің үлесін ұлғайту, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бар берешекті толық өтеу бойынша мақсатты жұмысты жалғастыру;
2) 2025 жылдың қорытындысы бойынша оның өсуіне және толық таратылуына жол бермеу мақсатында салықтық әкімшілендіруді жақсарту және аудандық бюджетке берешекті төмендету жөнінде шаралар қабылдау.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі
Д. Сабырғали
2025 жылғы 22 мамыр