Целиноград аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 199/29-4 «Целиноград ауданының Қызыл суат, Шұбар, Аққайың ауылдарын салудың Бас жоспарларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

  

 

 

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 

Ақмол ауылы                        № 107/15-8             2023 жылғы 25 желтоқсан

 

 

 

 

Целиноград аудандық мәслихатының

2010 жылғы 23 шілдедегі №  199/29-4

«Целиноград ауданының Қызыл суат,

Шұбар, Аққайың ауылдарын салудың Бас

жоспарларын бекіту туралы»

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                              23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 23-1, 47-баптарына сәйкес және Целиноград ауданы әкімінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы               № 03-47/2066 ұсынымы негізінде Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданының Қызыл суат, Шұбар, Аққайың ауылдарын салудың Бас жоспарларын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 шілдедегі № 199/29-4 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімге қоса тіркеліп отырған Целиноград ауданы  Аққайың ауылының құрылыс салу Бас жоспары осы шешім қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Целиноград аудандық                 

мәслихатының төрағасы                                                   Л. Конарбаева

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Целиноград ауданының әкімі

Б. Оспанбеков

2023 жылғы 25 желтоқсан

 

 

«Целиноград ауданының

сәулет және қала құрылысы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Д. Тулеубеков

2023 жылғы 25 желтоқсан

 

 

«Целиноград ауданының

жер қатынастары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

А. Нуртазин

2023 жылғы 25 желтоқсан

 

 

Қызыл суат ауылдық

округінің әкімі

У. Сальменов

2023 жылғы 25 желтоқсан

 

Дата публикации
18 марта 2025