«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының қоса берілген 2025 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағаларына (Абдрахманова Д. Б., Капанов А. Ш., Кадыркенов С. Ж.) жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихаты тұрақты
комиссияларының төрағалары Д. Абдрахманова
А. Капанов
С. Кадыркенов
Целиноград аудандық мәслихаты
тұрақты комиссияларының
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 02-03/105 қаулысына қосымша
Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2025 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары
2025 жылы Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының отырысында келесі мәселелерді қарау жоспарланады:
1. Экономика және бюджет мәселелері бойынша
1 тоқсан
1. Агломерацияны дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Целиноград ауданындағы аяқталмаған құрылыс объектілерінің ағымдағы жағдайы туралы есеп.
(Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Е. Қ. Өмірсадықтың есебі).
2 тоқсан
2. 2024 жылға арналған аудан бюджетінің, 2024 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептің жобалары туралы (талдамалық анықтамаларды талдау және қорытынды дайындау)
(«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы А. С. Беркееваның есебі, тұрақты комиссияның қорытындылары).
3. Целиноград ауданындағы кәсіпкерліктің инвестициялық және инновациялық даму перспективалары.
(Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. А. Нұртазиннің есебі).
3-тоқсан
4. Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерінде жол инфрақұрылымын дамыту.
(«Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы С. С. Алиаскаровтың есебі)
4-тоқсан
5. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы туралы.
6. Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері бюджеттерінің 2026-2028 жылдарға арналған жобасы туралы.
7. 2025 жылға арналған аудандық бюджетке және ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселелерді қарау.
тоқсанына 1 рет
8. Кезекті сессияға негізгі мәселені дайындауға қатысу (анықтамалар, қосымша баяндамалар)
Комиссия отырысында сессияның қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар беру.
2. Әлеуметтік мәселелер, зандылық пен құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік пен этика бойынша
1 тоқсан
9. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орындарды есепке алуды және бөлуді ұйымдастыру бойынша білім бөлімінің жұмысы туралы
(«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С. А. Искаковтың ақпараты)
2 тоқсан
10. Целиноград ауданының білім беру мекемелеріндегі идеологиялық және тәрбие жұмысының жай-күйі туралы.
(Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Ж. Т. Толқынбектің ақпараты).
3-тоқсан
11. Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй жағдайлары мен тұрғын үйді бөлу тәртібін жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алуды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы.
(«Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы А. М. Сафарбаевтың ақпараты).
4-тоқсан
12. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.
(ұсынылған кандидатураларды талқылау және тиісті қорытындылар қабылдау).
(Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Ж. Т. Толқынбектің ақпараты).
13. Депутаттардың халық алдындағы депутаттық өкілеттіктердің орындалуы және сайлау алдындағы бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептері.
14. Тұрақты комиссияның 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарының жобасын талқылау.
тоқсанына 1 рет
15. Кезекті сессияға негізгі сұрақтарды дайындауға қатысу (анықтама, қосымша баяндама).
Комиссия отырыстарында сессиялардың қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар беру.
3. Аграрлық мәселелер бойынша, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері бойынша
1 тоқсан
16. Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі есебі.
(«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Б. Сулейменовтың есебі)
2 тоқсан
17. Целиноград ауданындағы мал шаруашылығының жай - күйі мен даму перспективалары туралы.
(«Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы О. С. Әбуовтың есебі)
3-тоқсан
18. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау, кезекті сессияларға негізгі мәселелерді (анықтамаларды, қосымша баяндаманы)дайындауға қатысу.
Комиссия отырыстарында сессиялардың қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарауға, олар бойынша қорытындылар беру.
1-4-тоқсандар
4. Ұйымдастыру іс-шаралары
19. Ең маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Депутат күндері», дөңгелек үстелдерді, Целиноград ауданының тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша көпшілік тыңдаулар өткізу.
1-4-тоқсандар
20. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша депутаттардың өз округтеріндегі сайлаушыларымен кездесулері.
кестеге сәйкес
21. Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына:
1) сессия жұмысына және оны дайындауға қатыссын, қажет болғанда сессия отырыстарының күн тәртібіне қосымша сұрақтар енгізуге;
2) аудандық мәслихат шешімдері мен тұрақты комиссиялар қаулыларының, сондай-ақ сыни ескертпелер мен ұсыныстардың орындалуына жүйелі бақылауды жүзеге асыру. Олардың орындалу барысы туралы сессиялар мен комиссиялар отырыстарында мерзімді ақпараттандырылсын.
1-4 тоқсандар
22. Целиноград аудандық мәслихатының депутаттары әрдайым өз сайлаушыларымен байланыста болып, олармен өзінің сайлау округтерінде кездесулер өткізсін, оларға мәслихат жұмысы туралы үнемі ақпарат беріп, қоғамдық пікір мен халық мұқтаждарын зерделесін, үкіметтің атқару органдарына сұраныстар мен ұсыныстар енгізсін.
ұдайы
23. Сайлаушыларды өздерінің жұмыстары мен аудандық мәслихаттың жұмысы туралы ақпараттандыру үшін «Есіл-Нұра», «Вестник Акмола» аудандық газеттерінің, интернет-ресурстардың мүмкіндіктерін белсенді пайдалану.
ұдайы