Положение о государственном учреждении «Аппарат Целиноградского районного маслихата»

Целиноград аудандық

мәслихатының 2021 жылғы

 23 желтоқсандағы

№ 93/17-7 шешімімен

БЕКІТІЛДІ 

 

 «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

УТВЕРЖДЕНО

решением Целиноградского

районного маслихата

от 23 декабря 2021 года

№ 93/17-7

 

ПОЛОЖЕНИЕ

государственного учреждения

«Аппарат Целиноградского районного маслихата»

 

 

 

 

 

 

Ақмол ауылы

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының

2021 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 93/17-7 шешімімен

бекітілген

 

«Целиноград аудандық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Целиноград аудандық мәслихатының (бұдан әрі – мәслихат) жұмысын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мәслихат аппаратының мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Мәслихат аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат хатшысының өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 021800, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34-құрылыс.

10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мәслихат аппаратының мақсаттары мен өкілеттіктері

13. Мақсаттары:

1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

2) депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.

14. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі, шарттар жасасады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады;

барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратады және алады;

мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2) міндеттері:

мемлекеттік қызметшілер атынан өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, регламентке, мәслихат шешімдеріне және мәслихат хатшысының өкімдеріне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

15. Функциялары:

1) мәслихаттың жұмыс жоспарына және регламентіне сәйкес сессияларды, тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастыру – техникалық жұмыстарды жүзеге асыру;

2) депутаттық корпусты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету, сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары барысында атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, атына келіп түскен олардың сауалдары мен өтініштерінің уақтылы қаралуын бақылау;

3) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде айтқан ұсыныстары мен ескертулерін мониторингілеу және қорыту, оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;

4) депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша шешімдердің, қаулылардың жобаларымен және тиісті материалдармен қамтамасыз ету;

5) тұрақты комиссиялардың ұсыныстары негізінде мәслихаттың және тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарларын жасау;

6) тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысу, депутаттарға шешімдердің жобаларын, комиссиялардың қаулылары мен мәслихат шешімдерін дайындау мәселелерінде көмек көрсету;

7) сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала талқылауды ұйымдастыру және депутаттарға қорытындылардың, мәслихат шешімдерінің және тұрақты комиссиялар қаулыларының жобаларын сапалы дайындау мәселелерінде көмек көрсету;

8) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, депутаттық бірлестіктері мен өзге де органдарының қызметін үйлестіру;

9) мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы есептер дайындау;

10) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстарын талдау, депутаттардың осы ұйымдардың өкілдерімен және басқа да мүдделі тұлғалармен кездесулерін ұйымдастыру;

11) мәслихат регламентіне сәйкес сессиялардың, комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдеу;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, нормативтік-құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсыну;

13) сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға дайындау және олардың орындалуын бақылау;

14) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын шешімдердің жобаларын, сондай-ақ Целиноград аудандық мәслихаты мен Қоғамдық кеңесінің басқа да материалдарын мәслихат сайтында орналастыру;

15) мәслихат хатшысының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру, олардың өтініштері мен арыздарын қарау;

16) іс қағаздарын жүргізу, мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарын таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;

17) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды, қабылдауды, қарауды және тіркеуді жүзеге асыру;

18) мәслихаттың құжаттамалық қызметін қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, іс жүргізудің мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

19) мәслихат аппаратының қызметшілері арасында кадрлық жұмысты ұйымдастыру;

20) Целиноград ауданы сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру;

21) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және мәслихат регламентімен өзіне жүктелген басқа да функцияларды орындау.

3-тарау. Мәслихат хатшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16. Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын мәслихат хатшысы мәслихат аппаратына басшылықты жүзеге асырады.

17. Мәслихат хатшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға сайланады және лауазымнан босатылады.

18. Мәслихат хатшысының өкілеттіктері:

1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

4) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

6) мәслихат аппаратының қызметін басқарады, оның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

7) сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа жүйелі түрде ақпарат беріп отырады;

8) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес, әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастама жасаған мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл етеді;

13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді;

14) мәслихат аппараты қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

15) заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппаратының қызметшілерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

16) мәслихат аппаратының шығыстар сметасын қалыптастырады және орындайды;

17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

18) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихаттың регламентінде және шешімдерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

Мәслихаттың хатшысы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

19. Мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын мәслихат аппаратының басшысы басқарады.

4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі

20. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу құқығы бар.

Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік Целиноград ауданының коммуналдық меншігіне жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

23. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мәслихат аппаратының қарамағындағы ұйымдар жоқ.

 

Утверждено

решением Целиноградского

районного маслихата

от 23 декабря 2021 года

№ 93/17-7

 

Положение

о государственном учреждении

«Аппарат Целиноградского районного маслихата»

 

Глава 1. Общие положения

1. Государственное учреждение «Аппарат Целиноградского районного маслихата» (далее - аппарат маслихата) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим работу Целиноградского районного маслихата (далее – маслихат).

2. Аппарат маслихата не имеет ведомств.

3. Аппарат маслихата осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно – правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

5. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если он уполномочен на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями секретаря маслихата.

8. Структура и лимит штатной численности аппарата маслихата утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, 021800, Акмолинская область, Целиноградский район, село Акмол, улица Наурыз, строение 34.

10. Настоящее Положение является учредительным документом аппарата маслихата.

11. Финансирование деятельности аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета.

12. Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями аппарата маслихата.

Если аппарату маслихата законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия аппарата маслихата

13. Задачи:

1) осуществление организационного, правового, материально-технического и иного обеспечения маслихата и его органов;

2) оказание помощи депутатам в осуществлении их полномочий.

14. Полномочия:

1) права:

вступает в гражданско-правовые отношения с юридическими и физическими лицами, заключает договора и осуществляет иную деятельность, не противоречащую действующему законодательству Республики Казахстан;

запрашивает и получает от предприятий, учреждений и организаций всех форм собственности необходимую информацию, документы и иные материалы;

ведет служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями;

осуществляет иные полномочия, определенные законодательством Республики Казахстан.

2) обязанности:

в лице государственных служащих обязан осуществлять свою деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регламентом, решениями маслихата и распоряжениями секретаря маслихата.

15. Функции:

1) осуществление подготовительной и организационно – технической работы проведения сессий, заседаний постоянных комиссий в соответствии с регламентом и планом работы маслихата;

2) осуществление организационного, правового, материально- технического и иного обеспечения депутатского корпуса, содействие депутатам маслихата в осуществлении их полномочий, оказание консультативной и методической помощи, контроль своевременности рассмотрения их запросов и обращений, поступивших в ходе сессий и заседаний постоянных комиссий в адрес исполнительных органов, руководителей и предприятий, организаций и учреждении;

3) мониторинг и обобщение предложений и замечаний, высказанных депутатами при осуществлении ими своих полномочий, контроль выполнения мероприятий по их реализации;

4) обеспечение депутатов проектами решений, постановлений и соответствующими материалами по вопросам, вносимым на рассмотрение сессий и постоянных комиссий;

5) составление на основании предложений постоянных комиссий планов работы маслихата и постоянных комиссий;

6) участие на заседаниях постоянных комиссий, оказание помощи депутатам в вопросах подготовки проектов решений, постановлений комиссий и решений маслихата;

7) организация предварительного обсуждения вопросов, вносимых на рассмотрение сессий и оказание помощи депутатам в вопросах качественной подготовки проектов заключений, решений маслихата и постановлений постоянных комиссий;

8) координация деятельности постоянных комиссий, депутатских объединений и иных органов маслихата;

9) подготовка отчетов о деятельности маслихата, его органов и депутатов;

10) анализ предложений государственных и негосударственных организаций, организация встреч депутатов с представителями этих организаций и другими заинтересованными лицами;

11) оформление протоколов сессий, заседаний комиссий в соответствии с регламентом маслихата;

12) представление на государственную регистрацию в органы юстиции решений маслихата, носящих нормативно-правовой характер, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

13) подготовка материалов сессий к публикации в средствах массовой информации и контроль за их исполнением;

14) размещение на сайте маслихата проектов решений, подлежащих государственной регистрации в органах юстиции, а также других материалов маслихата и Общественного совета Целиноградского района;

15) организация приема граждан секретарем маслихата, рассмотрение их обращений и заявлений;

16) ведение делопроизводства, осуществление рассылки решений и других документов маслихата, обеспечение информационного обмена в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан;

17) осуществление учета, приема, рассмотрения и регистрации обращений физических и юридических лиц в соответствии с Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан;

18) обеспечение документационной деятельности маслихата, рассмотрение служебных документов, писем и заявлений, организация приема граждан, обеспечение функционирования делопроизводства на государственном и русском языках;

19) организация кадровой работы среди служащих аппарата маслихата;

20) формирование составов избирательных комиссий Целиноградского района;

21) выполнение других функций, возложенных на него законодательными актами Республики Казахстан и регламентом маслихата.

Глава 3. Статус, полномочия секретаря маслихата

16. Руководство аппаратом маслихата осуществляется секретарем маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат маслихата задач и осуществление им своих полномочий.

17. Секретарь маслихата избирается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

18. Полномочия секретаря маслихата:

1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, формирует повестку дня сессии, обеспечивает составление протокола, подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;

2) принимает решение о созыве сессии маслихата;

3) ведет заседания сессии маслихата, обеспечивает соблюдение регламента маслихата;

4) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;

5) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;

6) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;

7) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;

8) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;

9) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии с пунктом 1 статьи 24 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан»;

10) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;

11) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;

12) представляет маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;

13) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;

14) определяет обязанности и полномочия служащих аппарата маслихата;

15) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на служащих аппарата маслихата;

16) формирует и исполняет смету расходов аппарата маслихата;

17) принимает меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;

18) выполняет иные полномочия, предусмотренные Законом Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», законодательством Республики Казахстан, регламентом и решениями маслихата.

При отсутствии секретаря маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.

19. Аппарат маслихата возглавляется руководителем аппарата маслихата, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 4. Имущество аппарата маслихата

20. Аппарат маслихата может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

Имущество аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

21. Имущество, закрепленное за аппаратом маслихата, относится к коммунальной собственности Целиноградского района.

22. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение аппарата маслихата

23. Реорганизация и упразднение аппарата маслихата осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Организаций, находящихся в ведении аппарата маслихата нет.

Положение о ГУ
Дата публикации
13 января 2021