ЖОБА
Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 2023 жылғы
Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы
№ 13/2-7 «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.».
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева