Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 198/37-7 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жоба

 ЖОБА

 

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы                              №                            2023 жыл

 

               

Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы

26 желтоқсандағы № 198/37-7 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 198/37-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 177105 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 43 609 385,3 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 912 106,1 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 559 320,8 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 15 000,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 39 122 958,4 мың теңге;

2) шығындар – 43 740 561,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -17 503,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 165 600,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 183 103,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -113 672,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
113 672,9 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімдері – 158 580,5 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 725 944,7 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 681 037,1 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 6-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                               Л. Конарбаева

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Целиноград ауданының әкімі

Б. Оспанбеков

2023 жылғы ___________

 

 

«Целиноград ауданының

экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы

Б. Куликенов

2023 жылғы ___________

 

Дата публикации
23 ноября 2023