«Целиноград ауданының
құрметті азаматы» атағын
беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-9 шешімімен бекітілген «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларының 19-тармағына сәйкес, Целиноград ауданы әкімінің ұсынымдары мен Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясының қорытындылары негізінде, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Тимур Амангельдыевич Пшеновқа
|
«Мәншүк-АЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры; |
|
Владимир Иванович Чмутовқа |
«Целиноград коммуналдық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры.
|
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева