Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 198/37-7 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімнің жоба

ЖОБА

 

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы                               №                           2023 жыл

 

   

Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы

26 желтоқсандағы № 198/37-7 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 198/37-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 177105 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 42 033 725,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 909 996,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 508 414,8 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 15 000,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 37 600 313,7 мың теңге;

2) шығындар – 42 171 920,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -27 853,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 155 250,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 183 103,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -110 342,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
110 342,4 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімдері – 155 250,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 725 944,7 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 681 037,1 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 6-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы

 

Л. Конарбаева

 

Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 198/37-7 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімнің жоба
Дата публикации
19 июля 2023