Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының
ҚАУЛЫСЫ
Ақмол ауылы № 02-02/25 1 шілде 2023 жыл
Целиноград аудандық мәслихатының
тұрақты комиссиялардың 2022 жылғы
26 желтоқсандағы № 02-01/111
«Целиноград аудандық мәслихаты
тұрақты комиссияларының
2023 жылға арналған перспективалық
жұмыс жоспарын бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының «Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 02-01/111 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағаларына ( Д. Б. Абдрахманова, А. Ш. Капанов) жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихатының тұрақты
комиссиясының төрағалары Д. Абдрахамнова
А. Капанов
Целиноград аудандық мәслихатының
тұрақты комиссияларының
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 02-02/25 қаулысына қосымша
Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары
2023 жылы Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысында келесі мәселелерді қарау жоспарланады:
- Экономика және бюджет мәселелері бойынша
- 2022 жылға арналған аудан бюджетінің, 2022 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептің жобалары туралы (талдамалық анықтамаларды талдау және қорытынды дайындау).
(«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы Бауыржан Адылбекұлы Куликеновтың есебі, тұрақты комиссияның қорытындылары).
2-тоқсан
- Целиноград ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.
(«Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы Нурлан Серікқазыұлы Дулатовтың есебі).
- Атқарылған жұмыстар туралы ауыл, ауылдық округ әкімдерінің есебі.
- Целиноград ауданында қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы.
(Целиноград ауданының мемлекеттік экологиялық инспекторы есебі Айқын Алданышұлы Нұрахмет).
- Агломерацияны дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы.
(Целиноград ауданы әкімінің орынбасарлары Айткужинова Алма Көкішқызы, Жиенбеков Ерік Қуантайұлы, Оспанов Серік Бейсембекұлы есептер)
3-тоқсан
- 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы туралы.
- 2024-2026 жылдарға арналған Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері бюджеттерінің жобалар туралы.
- Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды іске асыру қорытындылары туралы.
(«Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы Нурлан Серікқазыұлы Дулатовтың есебі).
- Атқарылған жұмыстар туралы ауыл, ауылдық округ әкімдерінің есебі.
- Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы «Целиноград ауданы бойынша ветеринариялық станция» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қызметі және жүргізіп жатқан жұмысы туралы.
(басшы Өмірбек Дүйсенғалиұлы Төкеновтің есебі).
4-тоқсан
- 2023 жылға арналған аудандық бюджетке және ауылдар, ауылдық округтер бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселелерді қарау
тоқсанына 1 рет
- Кезекті сессияға негізгі мәселені дайындауға қатысу (анықтамалар, қосымша баяндамалар)
Комиссия отырысында сессияның қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар беру.
- Әлеуметтік мәселелер, зандылық пен құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік пен этика бойынша
- Целиноград ауданы бойынша қылмысқа қарсы күрестің, қоғамдық тәртіпті қорғаудың жай-күйі туралы есеп.
(Целиноград аудандық полиция бөлімінің бастығы Канат Ағзамұлы Битаковтың ақпараты).
2-тоқсан
- «Целиноград ауданындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жұмыс туралы».
(«Целиноград ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі бастығы Сәбит Өмірбекұлы Кенжебектің ақпараты).
- Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріндегі халыққа медициналық қызмет көрсетудің жай-күйі және сапасын жақсарту жөніндегі шаралар туралы.
(Целиноград аудандық емханасы бас дәрігері Даурен Айтмұрзаұлы Сибанбаевтің ақпараты).
- Целиноград ауданы халқының әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
(«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айсулу Олжабайқызы Дүйсебекованың ақпараты).
- «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы (Ұсынылған үміткерлерді талқылау және тиісті қорытындылар қабылдау).
(Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Алма Көкішқызы Айткужинованың ақпараты).
3-тоқсан
- Целиноград ауданындағы білім сапасы туралы. («Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы Сейфулла Абдуұлы Искаковтың ақпараты).
- Депутаттардың өз сайлау округтеріндегі депутаттық өкілеттіктерін орындау және сайлау алдындағы бағдарламаларды іске асыру туралы есептері.
- Тұрақты комиссияның 2024 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарының жобасын талқылау.
4-тоқсан
- Кезекті сессияға негізгі сұрақтарды дайындауға қатысу (анықтама, қосымша баяндама).
Комиссия отырыстарында сессиялардың қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар беру.
3.Ұйымдастыру іс-шаралары
- Аса маңызды және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Целиноград ауданы халқының тіршілігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша «Депутат күндері», дөңгелек үстелдер, көпшілік тыңдаулар өткізу.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша депутаттардың өз округтеріндегі сайлаушыларымен кездесулері.
кестеге сәйкес
24.Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына:
1) сессия жұмысына және оны дайындауға қатыссын, қажет болғанда сессия отырыстарының күн тәртібіне қосымша сұрақтар енгізуге;
2) аудандық мәслихат шешімдері мен тұрақты комиссиялар қаулыларының, сондай-ақ сыни ескертпелер мен ұсыныстардың орындалуына жүйелі бақылауды жүзеге асыру. Олардың орындалу барысы туралы сессиялар мен комиссиялар отырыстарында мерзімді ақпараттандырсын.
1-4 тоқсандар
- Целиноград аудандық мәслихатының депутаттары әрдайым өз сайлаушыларымен байланыста болып, олармен өзінің сайлау округтерінде кездесулер өткізсін, оларға мәслихат жұмысы туралы үнемі ақпарат беріп, қоғамдық пікір мен халық мұқтаждарын зерделесін, үкіметтің атқару органдарына сұраныстар мен ұсыныстар енгізсін.
ұдайы
- Сайлаушыларды өздерінің жұмыстары мен аудандық мәслихаттың жұмысы туралы ақпараттандыру үшін «Есіл-Нұра», «Вестник Акмола» аудандық газеттерінің, интернет-ресурстардың мүмкіндіктерін белсенді пайдалану.
ұдайы