Целиноград ауданының Софиевка ауылы, Софиевка ауылдық округін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы

 

Целиноград ауданы әкімдігі мен Целиноград аудандық мәслихатының

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ және ШЕШІМІ

 

Целиноград ауданының әкімдігі

Ақмол ауылы

2022 жылғы 5 қыркүйектегі

№ А-9/261 қаулы

 

 

Целиноград аудандық мәслихаты

Ақмол ауылы

2022 жылғы 5 қыркүйектегі  

№ 168/31-7 шешім

 

 

Целиноград ауданының

Софиевка ауылы,

Софиевка ауылдық округін

қайта атау жөнінде ұсыныстар

енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақмола облыстық онамастика комиссиясының қарауына қайта атау бойынша келесі ұсыныстар енгізілсін:

Софиевка ауылын Тасбұлақ ауылына;

Софиевка ауылдық округін Тасбұлақ ауылдық округіне.

  1. Осы Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы және Целиноград аудандық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Целиноград ауданының әкімі                                 Б. Оспанбеков

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                                         Л. Конарбаева

Целиноград ауданының Софиевка ауылы, Софиевка ауылдық округін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы
Дата публикации
04 апреля 2023