Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдарын және Приречный ауылдық округін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы

 

Целиноград ауданы әкімдігі мен Целиноград аудандық мәслихатының

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ және ШЕШІМІ

 

 

 

Целиноград ауданының әкімдігі

Ақмол ауылы

2022 жылғы 5 қыркүйектегі

№ А-9/259 қаулы

 

 

Целиноград аудандық мәслихаты

Ақмол ауылы

2022 жылғы 5 қыркүйектегі      

№ 166/31-7 шешім

 

 

Целиноград ауданының

Мәншүк, Приречное ауылдарын және

Приречный ауылдық округін

қайта атау жөнінде ұсыныстар

енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде Целиноград ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдарын және Приречный ауылдық округін қайта атау жөнінде Ақмола облысы әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихатының қарауына келесі ұсыныстар енгізілсін:

Мәншүк ауылын Мәншүк Мәметова ауылына;

Приречное ауылын Ақжар ауылына;

Приречный ауылдық округін Ақжар ауылдық округіне.

  1. Осы Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы және Целиноград аудандық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Целиноград ауданының әкімі                                 Б. Оспанбеков

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                                         Л. Конарбаева

Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдарын және Приречный ауылдық округін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы
Дата публикации
04 апреля 2023