Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград ауданының мәслихатының
ШЕШІМІ

 Ақмол ауылы                                № 165/31-7               2022 жылғы 5 қыркүйегі

 

Жетінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

отыз бірінші сессиясының

күн тәртібі туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс  отыз бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдарын және Приречный ауылдық округін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Суюнжанова Айгүл Үкіметқызы, «Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысы, Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы онамастика бойынша жұмыс тобы төрайымының орынбасары.

  1. Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округінің Софиевка ауылының Миит көшесін қайта атау жөнінде ұсынысын енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Суюнжанова Айгүл Үкіметқызы, «Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысы, Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы онамастика бойынша жұмыс тобы төрайымының орынбасары.

  1. Целиноград ауданының Софиевка ауылы, Софиевка ауылдық округін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Суюнжанова Айгүл Үкіметқызы, «Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысы, Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы онамастика бойынша жұмыс тобы төрайымының орынбасары.

  1. «Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 87/10-6  шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

Ақпарат беруші: Біркенов Самат Ғазизұлы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторлық-бақылау бөлімінің басшысы.

  1. Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.

Ақпарат беруші: Байділдина Жанар Еркінқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                                            Л. Конарбаева

 

Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
04 апреля 2023