Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ

 

село Акмол                                      № 152/27-7                          10 июня 2022 года

 

 

Жетінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

жиырма жетінші сессиясының

күн тәртібі туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс  жиырма жетінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Целиноград ауданы Родина ауылдық округінің Родина ауылындағы жаңа көшесіне атау беру жөнінде ұсыныс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Суюнжанова Айгүл Үкіметқызы, «Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысы, Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы онамастика бойынша жұмыс тобы төрайымының орынбасары.

  1. Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное, ауылдарын және Приречный ауылдық округін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Суюнжанова Айгүл Үкіметқызы, «Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысы, Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы онамастика бойынша жұмыс тобы төрайымының орынбасары.

  1. Целиноград ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Жунисов Аслан Омарбекұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                                             Л. Конарбаева

 

Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
29 марта 2023