Ақмол ауылы № 150/26-7 2022 жылғы 2 маусым
Целиноград аудандық
мәслихатының кезектен тыс
жиырма алтыншы сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 97/18-7 «2022-2024 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Куликенов Бауыржан Әділбекұлы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева