2021 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы                                  № 146/25-7                 2022 жылғы 18 мамыр

 

 

 

2021 жылға арналған ауылдар,

ауылдық округтер бюджеттерінің

орындалуы туралы жылдық есепті

бекіту туралы

 

 

Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. С. Жантемировтың, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Д. М. Нұрмағанбетовтың жоғарыда аталған мәселе бойынша есептерін тыңдап және талқылай отырып, Целиноград аудандық мәслихаты ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен Целиноград ауданының ауылдар мен ауылдық округтердің 2021 жылға арналған бюджеттерін орындау бойынша нақты жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Ауылдық округтер бюджеттерінің кіріс бөлігі 109,1 пайызға орындалып, 885 240,6 мың теңгені құрады. Бюджеттердің кіріс бөлігінің атқарылуына жүргізілген талдауда негізгі үлес аудандық бюджеттен трансферттердің, оның ішінде субвенциялар - 465 312,5 мың теңге түсімдеріне тиесілі екендігі анықталды. Ауылдық округтер бойынша меншікті кірістер бөлігінде салық түсімдерінің орындалуы 125,6 пайызды құрады, жоспар бойынша 248 756,7 мың теңге, бюджет кірісіне 312 440,5 мың теңге түсті, асыра орындау – 63 683,8 мың теңгені құрады. Салықтық емес түсімдер 3 928,7 мың теңгені құрады.

Ауылдық округтер бюджеттерінің шығыс бөлігі 99,7 пайызға орындалып, 808 996,4 мың теңгені құрады. 2021 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттерін іске асыру ауданның ауылдық аумақтарының дамуына оң әсерін тигізді.

Сонымен қатар, ауылдық округтердің бюджетін атқару мәселелерінде кемшіліктер мен олқылықтар бар. «Ақмол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Салықтық түсімдер бойынша жоспарлары асыра орындалды: орындалуы 168,8 пайызды құрады, жоспар бойынша 47 230,0 мың теңге бюджет кірісіне 79 745,0 мың теңге түсті, асыра орындалуы – 32 515,0 мың теңгені құрады. Бұл фактілер салық түсімдерін жоспарлау және орындау кезінде Бюджет жүйесі қағидаттарының бұзылғанын айғақтайды.

2021 жылы игерілмеген қаражат сомасы 2035,6 мың теңгені құрады. «Қараөткел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 1 389,6 мың теңге игерілмеген, «Талапкер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 350 мың теңге игерілмеген, «Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 190 мың теңге игерілмеген, «Приреченое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 45,2 мың теңге игерілмеген.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2022 жылғы 19 сәуірдегі қорытындылары негізінде тұрақты комиссияларының отырыстарын, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастықтарының және Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің ұсынымдары, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. С. Жантемировтың, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының «Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің 2021 жылға атқарылуы туралы» есептері назарға алынсын.
  2. Целиноград ауданының ауылдық округтерінің 2021 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есебі келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 885 240,4 мың теңге:

салықтық түсімдер - 312 440,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 3 928,7 мың теңге;

трансферттер түсімі - 465 312,5 мың теңге;

2) шығындар – 808 996,4 мың теңге;

3) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

4) Бюджет тапшылығы (профициті) - 95 203,9 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -95 203,9 мың теңге:

Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары-103 558,6 мың теңге.

Есепті жылдың соңына бюджет қаражатының қалдықтары -76 244,0 мың теңгені құрайды.

  1. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Целиноград ауданының ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттерінің 2021 жылғы атқарылуы туралы есеп-қорытындысы бекітілсін.
  2. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б. Куликенов) ұсынылсын:

1) Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығыстарын жоспарлау сапасын арттыруға бақылауды күшейту;

2) ауыл, ауылдық округ әкімдерінің (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) қаржылық есептілікті дұрыс және толық ұсынғаны, сондай-ақ бюджеттік өтінімдерді сапалы бергені үшін жауапкершілігін қамтамасыз ететін қаржылық тәртіпті нығайту жөнінде шаралар қабылдасын.

  1. Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округ әкімдеріне (бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне) ұсынылсын:

1) ауыл, ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстарын жоспарлау мен пайдаланудың сапасын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;

2) ауылдарға, ауылдық округтерге аудандық бюджеттен трансферттер, оның ішінде субвенция түрінде бөлінетін бюджет қаражатының игерілуін уақтылы және толық көлемде қамтамасыз етсін;

3) өз кірістерінің үлесін ұлғайту жөніндегі мақсатты жұмысты жалғастыруға, жыл бойы салық салынатын база мен бюджетке түсетін түсімдерге кезең-кезеңімен мониторинг жүргізуге міндетті;

4) ауылдың, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастығына ауыл, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есептер беруге міндетті.

  1. Целиноград ауданы ауылдарының, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастықтарының төрағаларына ұсынылсын:

1) Бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту;

2) ауыл, ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 467/70-6 шешімімен бекітілген Целиноград ауданының 2021-2025 жылдарға арналған аумақтарды дамыту Бағдарламасын іске асыру, трансферттерді пайдалану, бюджеттің кірістері мен шығыстарының атқарылуы туралы есептерін қарау және талқылау.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Қ. Темиров) жүктелсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                                                   Л. Конарбаева

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Целиноград ауданының әкімі

Б. Оспанбеков

2022 ж. 18 мамыр

 

«Целиноград ауданының

экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы  Б. Куликенов

2022 ж. 18 мамыр

 

    

 

 

 

 

 

 

 

2021 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы
Дата публикации
28 марта 2023