Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 140/24-7 2022 жылғы 13 мамыр
Жетінші шақырылған
Целиноград аудандық
мәслихатының кезектен тыс
жиырма төртінші сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 51/11-7 «Целиноград аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Қанапиянов Азамат Жеңісұлы, «AMANAT» партиясы Целиноград аудандық филиалының атқарушы хатшысы.
- Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 463/69-6 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Байдильдина Жанар Еркінқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 444/67-6 «Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Дүйсебекова Айсұлу Олжабайқызы, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 15/2-7 «Целиноград аудандық мәслихаты жанындағы мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева