Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 209/37-7 2022 жылғы 26 желтоқсан
Целиноград аудандық мәслихатының
2023 жылға арналған перспективалық
жұмыс жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Жұмабайға жүктелсін.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева
Целиноград аудандық мәслихатының
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 209/37-7 шешіміне қосымша
Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары
1-тоқсан:
- Целиноград аудандық мәслихаты хатшысының атқарылған жұмыс туралы есебі.
- Целиноград ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жұмыс туралы
наурыз
2-тоқсан:
- 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
- 2022 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
- Целиноград ауданында кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласының инвестициялық жобаларын іске асыру мәселесі бойынша аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының есебі.
мамыр
3-тоқсан:
Целиноград ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттері туралы есебі.
тамыз
4-тоқсан:
- 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарылған жұмыс жөнінде есебі
желтоқсан
- 2024-2026 жылдарға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттері туралы
желтоқсан
Бұрын қабылданған шешімдердің, сессияларда айтылған сыни ескертпелер мен ұсыныстардың, аудандық мәслихаттың негізгі қызметтерінен туындайтын депутаттық сауалдар мен өзге мәселелердің орындалу барысы туралы ақпарат сессияларда мерзімді қаралсын.