Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары
ҚАУЛЫ
Ақмол ауылы № 02-01/111 26 желтоқсан 2022 жылғы
Целиноград аудандық мәслихаты
тұрақты комиссияларының
2023 жылға арналған перспективалық
жұмыс жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының қоса берілген 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағаларына (К. Г. Темиров, С.А. Ибряев) жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихаты тұрақты
комиссияларының төрағалары К. Темиров
С. Ибряев
Целиноград аудандық мәслихаты
тұрақты комиссияларының
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 02-01/111 қаулысына қосымша
Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының
2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары
2023 жылы Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының отырысында келесі мәселелерді қарау жоспарланады:
- Экономика және бюджет мәселелері бойынша
- Целиноград ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
(«Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының есебі Н. С. Дулатов).
1-тоқсан
- 2022 жылға арналған аудан бюджетінің, 2022 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептің жобалары туралы (талдамалық анықтамаларды талдау және қорытынды дайындау)
(«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының есебі Б. А. Куликенов, тұрақты комиссияның қорытындылары).
2-тоқсан
- Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды іске асыру қорытындылары туралы
(«Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының есебі Н. С. Дулатов).
3-тоқсан
- 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы туралы
- 2024-2026 жылдарға арналған Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері бюджеттерінің жобасы туралы
4-тоқсан
- 2023 жылға арналған аудандық бюджетке және ауылдар, ауылдық округтер бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселелерді қарау
тоқсанына 1 рет
- Кезекті сессияға негізгі мәселені дайындауға қатысу (анықтамалар, қосымша баяндамалар)
Комиссия отырысында сессияның қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар беру.
- Әлеуметтік мәселелер, зандылық пен құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік пен этика бойынша
- Целиноград ауданы халқының әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы
(«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. О. Дүйсебековтың ақпараты)
1-тоқсан
- Целиноград ауданы бойынша қылмысқа қарсы күрестің, қоғамдық тәртіпті қорғаудың жай-күйі туралы есеп.
((Целиноград аудандық полиция бөлімінің бастығы К.А. Бутаковтың ақпараты).
2-тоқсан
- «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы (Ұсынылған үміткерлерді талқылау және тиісті қорытындылар қабылдау)
(Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. К. Айткужинованың ақпараты)
3-тоқсан
- Депутаттардың өз сайлау округтеріндегі депутаттық өкілеттіктерін орындау және сайлау алдындағы бағдарламаларды іске асыру туралы есептері.
- Тұрақты комиссияның 2024 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарының жобасын талқылау
4-тоқсан
- Кезекті сессияға негізгі сұрақтарды дайындауға қатысу (анықтама, қосымша баяндама)
Комиссия отырыстарында сессиялардың қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар беру
3.Ұйымдастыру іс-шаралары
- Аса маңызды және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Целиноград ауданы халқының тіршілігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша «Депутат күндері», дөңгелек үстелдер, көпшілік тыңдаулар өткізу.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша депутаттардың өз округтеріндегі сайлаушыларымен кездесулері.
кестеге сәйкес
16.Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына:
1) сессия жұмысына және оны дайындауға қатыссын, қажет болғанда сессия отырыстарының күн тәртібіне қосымша сұрақтар енгізусін;
2) аудандық мәслихат шешімдері мен тұрақты комиссиялар қаулыларының, сондай-ақ сыни ескертпелер мен ұсыныстардың орындалуына жүйелі бақылауды жүзеге асыру. Олардың орындалу барысы туралы сессиялар мен комиссиялар отырыстарында мерзімді ақпараттандырсын.
1-4 тоқсандар
- Целиноград аудандық мәслихатының депутаттары әрдайым өз сайлаушыларымен байланыста болып, олармен өзінің сайлау округтерінде кездесулер өткізсін, оларға мәслихат жұмысы туралы үнемі ақпарат беріп, қоғамдық пікір мен халық мұқтаждарын зерделесін, үкіметтің атқару органдарына сұраныстар мен ұсыныстар енгізсін.
ұдайы
- Сайлаушыларды өздерінің жұмыстары мен аудандық мәслихаттың жұмысы туралы ақпараттандыру үшін «Есіл-Нұра», «Вестник Акмола» аудандық газеттерінің, интернет-ресурстардың мүмкіндіктерін белсенді пайдалану.
ұдайы