2022 жылға арналған Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы

 

 

 

2022 жылға арналған

Целиноград аудандық мәслихаты

тұрақты комиссияларының

перспективалық

жұмыс жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. 2022 жылға арналған Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының қоса берілген перспективалық жұмыс жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағаларына (И. С. Сәденова, С. А. Ибряев) жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

         Целиноград аудандық

мәслихаты тұрақты

комиссияларының

төрағалары                                                                И. Сәденова

 

                                                                                               С. Ибряев

 

 

 

 

 

    Целиноград аудандық мәслихаты

                                                                 тұрақты комиссияларының

                                                                 2021 жылғы 23 желтоқсандағы

                                                                 № 02-01/41 қаулысына қосымша

 

 

Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының

2022 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары

 

 

2022 жылы Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының отырысында келесі мәселелерді қарау жоспарланады:

 

  1. Экономика және бюджет мәселелері бойынша

 

  1. Әлеуметтік және тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы

(Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлының ақпараты)

  1. Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріндегі сумен жабдықтау нысандарының жай-күйі және оларға қызмет көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы.

(«Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының ақпараты).

                                                                                                                  1-тоқсан

                                                                                                                  

  1. 2021 жылға арналған аудан бюджетінің, 2021 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептің жобалары туралы (талдамалық анықтамаларды талдау және қорытынды дайындау)

(«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының есебі, тұрақты комиссияның қорытындылары).

  1. Целиноград ауданында автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы.

 («Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының ақпараты).

                                                                                                                        2-тоқсан

 

  1. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды іске асыру қорытындылары туралы

(«Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының есебі).

  1. Целиноград ауданында инфрақұрылымды, абаттандыруды, көгалдандыруды дамыту жөніндегі жай-күй және шаралар туралы.

(«Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының ақпараты.

3-тоқсан

 

  1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы туралы
  2. 2023-2025 жылдарға арналған Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері бюджеттерінің жобасы туралы
  3. Целиноград ауданында әлеуметтік мәні бар аурулардың ахуалы мен деңгейін төмендету жөніндегі шаралар туралы

(Целиноград аудандық емханасы бас дәрігерінің баяндамасы).

4-тоқсан

 

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетке және ауылдар, ауылдық округтер бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселелерді қарау

тоқсанына 1 рет

 

        11.Кезекті сессияға негізгі мәселені дайындауға қатысу (анықтамалар, қосымша баяндамалар)

             Комиссия отырысында сессияның қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар беру.

 

  1. Әлеуметтік мәселелер, зандылық пен құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік пен этика бойынша

 

12.Ақпараттық саясат, ауқымды жалпыұлттық жобаларды және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру

(«Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Е. Байділдинаның ақпараты)

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу бойынша, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша комиссияның атқарған жұмысы туралы есебі

                (Сүлейменов Сәкен Бейсембайұлы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бөлімінің басшысы)

                                                                                             1-тоқсан

                                                                                                              

14.Целиноград ауданының аудандық полиция бөлімінің проблемалық мәселелері туралы

(Целиноград аудандық полиция бөлімінің бастығы Қ. А. Битаковтың ақпараты)

                                                                                                                 2-тоқсан

                                                                                                              

15.«Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы   (Ұсынылған үміткерлерді талқылау және тиісті қорытындылар қабылдау)

(Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К. Айткужинованың ақпараты)

                                                                                                      3-тоқсан

                                                                                        

16.Депутаттардың өз сайлау округтеріндегі депутаттық өкілеттіктерін орындау және сайлау алдындағы бағдарламаларды іске асыру туралы есептері.

17.Тұрақты комиссияның 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарының жобасын талқылау

                                                                                                          4-тоқсан

 

  1. Кезекті сессияға негізгі сұрақтарды дайындауға қатысу (анықтама, қосымша баяндама)

Комиссия отырыстарында сессиялардың қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар беру    

  • тоқсандар

 

  1. Ұйымдастыру іс-шаралары

 

19.Аса маңызды және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Целиноград ауданы халқының тіршілігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша «Депутат күндері», дөңгелек үстелдер, көпшілік тыңдаулар өткізу.

  • тоқсандар

 

20.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша депутаттардың өз округтеріндегі сайлаушыларымен кездесулері.

кестеге сәйкес

 

21.Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына:

1) сессия жұмысына және оны  дайындауға қатыссын, қажет болғанда сессия отырыстарының күн тәртібіне қосымша сұрақтар енгізусін;

2) аудандық мәслихат шешімдері мен тұрақты комиссиялар қаулыларының, сондай-ақ сыни ескертпелер мен ұсыныстардың орындалуына жүйелі бақылауды жүзеге асыру. Олардың орындалу барысы туралы сессиялар мен комиссиялар отырыстарында мерзімді ақпараттандырсын.

1-4 тоқсандар

 

  1. Целиноград аудандық мәслихатының депутаттары әрдайым өз сайлаушыларымен байланыста болып, олармен өзінің сайлау округтерінде кездесулер өткізсін, оларға мәслихат жұмысы туралы үнемі ақпарат беріп, қоғамдық пікір мен халық мұқтаждарын зерделесін, үкіметтің атқару органдарына сұраныстар мен ұсыныстар енгізсін.

ұдайы

 

  1. Сайлаушыларды өздерінің жұмыстары мен аудандық мәслихаттың жұмысы туралы ақпараттандыру үшін «Есіл-Нұра», «Вестник Акмола» аудандық газеттерінің, интернет-ресурстардың мүмкіндіктерін белсенді пайдалану.

ұдайы

 

 

Дата публикации
23 декабря 2021