Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 90/17-7 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМI

Ақмол ауылы      № 134/22-7       2022 жылғы 13 сәуір

 

Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы

23 желтоқсандағы № 90/17-7 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Целиноград аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 90/17-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26201 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 34 161 807,5 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 474 126,3 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 37 216,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 000,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 30 640 465,2 мың теңге;

2) шығындар – 36 978 272,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 70 527,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 238 914,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 168 387,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 86 000,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 972 992,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 972 992,4 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімдері – 1 887 314,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 168 387,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 254 065,4 мың теңге.»;

8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. 2022 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 28 429,1 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы

 

Л. Қонарбаева

 

шешім
Дата публикации
13 апреля 2022