Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 133/22-7 2022 жылғы 13 сәуір
Целиноград ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева