Целиноград ауданы әкімдігі мен Целиноград аудандық мәслихатының БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ және ШЕШІМІ
Целиноград ауданының әкімдігі
Ақмол ауылы
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ А-4/111 қаулы
Целиноград аудандық мәслихаты
Ақмол ауылы
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 132/22-7 шешім
Целиноград ауданының
әкімшілік-аумақтық
құрылысын өзгерту туралы
ұсыныс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихатының қарауына Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы келесі ұсыныс енгізілсін:
осы бірлескен Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихаты шешімінің қосымшасына сәйкес, Тайтөбе ауылы оның жер пайдалану шекарасы шегіндегі аумағымен Қосшы қаласының әкімшілік бағынысына берілсін.
2. Осы Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы және Целиноград аудандық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбеков
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева
Целиноград ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
13 сәуірдегі № А-4/111
қаулысы және Целиноград
аудандық мәслихатының
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 132/22-7 шешімі
бірлескен актісіне қосымша
Тайтөбе ауылы жерлерінің алаңы
|
р/т № |
Жерлердің атауы |
Жалпы ауданы (гектар) |
|
|
1 |
2 |
3 |
|
|
1 |
Тайтөбе елді мекені шегіндегі жер алаңы |
847 га |
|
|
2 |
Тайтөбе ауылының әкімшілік шекарасындағы жерлер алаңы |
7615 га |