Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақмол ауылы       № 131/22-7      2022 жылғы 13 сәуір

 

Жетінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

жиырма екінші сессиясының

күн тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс  жиырма екінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1. Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы

Баяндамашы: Сүлейменов Сәкен Бейсембайұлы, Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы

2. Целиноград ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Ақпарат беруші: Уалшеев Рахымжан Шаматұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманы

3. Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 90/17-7 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Ақпарат беруші: Куликенов Бауыржан Әділбекұлы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

4. Депутаттық өкілеттіктерді мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Ақпарат беруші: Аманжолова Жайнагүл Сергеевна, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.

5. Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын және оның төрағасын сайлау туралы

6. Целиноград аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық пен құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік және этика жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын және оның төрағасын сайлау туралы

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                          Л. Конарбаева

шешім
Дата публикации
13 апреля 2022