Ағымдағы жылдың 16 наурызында Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерінің бірінші отырысы өтті. Шараға Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жұмыс тобының мүшелері, Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасын және төралқасын сайлау туралы, Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту және Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жоспарын бекіту қарастырылды. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес комиссиясы бойынша екі комиссия құру ұсынысы түсіп, құрамы бекітілді.
Экономика және бюджет бойынша комиссия төрағасы болып Қанат Теміров, Әлеуметтік сұрақтар бойынша комиссия төрайымы болып Наталья Горицина сайланды.
Қоғамдық кеңес отырысында Целиноград ауданының Қоғамық кеңесінің қызметі басшылығын жүзеге асыру үшін отырыстар арасындағы кезеңдегі Қоғамдық кеңес төралқасы сайланды. Төралқа құрамына Сағадат Қайыржанұлы Әшебеков, Рашит Қайыржанұлы Акимов, Ляззат Амангелдіқызы Қонарбаева, Қанат Ғалымжанұлы Теміров, Наталья Александровна Горицина енгізілді.
Бұл отырыстың негізгі мақсаты Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасын ашық дауыс беру арқылы сайлау болды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің шешімімен Сағадат Қайыржанұлы Әшебеков Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды.