Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының ХАТТАМАСЫ
Өткізу күні мен уақыты:
16 наурыз 2022 жыл
16.00 - де
Өткізу орны:
Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залы
Төрағалық етуші: Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі төрағасы Сағадат Қаиржанұлы Әшебеков.
Құрметті Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері!
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі отырысына Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жұмыс тобының мүшелері, Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелерді қарастыруға ұсынылады:
1. «Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасын және төралқасын сайлау туралы»;
2. «Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы».
3. «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру».
Төрағалық етуші: С.Әшебеков
Күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарауға көшеміз.
«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасын және төралқасын сайлау қажет.
Қоғамдық кеңес төрағасы кеңес мүшесінен, мемелекеттік қызметші болмауы тиіс және белсенді қоғам қайраткері болуы керектігін ескертіп өтейін.
Төрағалық етуші:
Қоғамдық кеңес төрағасына үміткер бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
Құрметті жұмыс тобы және Қоғамдық кеңес мүшелері! Целиноград ауданының Қоғамық кеңесінің төрағасы етіп Сағадат Қайыржанұлы Әшебековты сайлауға ұсыныс түсті.
Бұл ұсыныс үшін кім дауыс береді?
Кім қолдайды? Қарсы? Қалыс қалды? Жоқ. Целиноград ауданының Қоғамық кеңесінің төрағасы болып Сағадат Қайыржанұлы Әшебеков сайланды.
Төрағалық етуші: С.Қ.Әшебеков:
Қайырлы күн құрметті Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері!
Қоғамдық кеңес комиссиясы бойынша екі комиссия құру ұсынысы түсті. Комиссия құрамына кеңес мүшелерінен қалыптасады. Қандай сұрақтарыңыз бар?
1. Экономика және бюджет бойынша комиссия төрағасы етіп Қанат Ғалымжанұлы Теміровты;
2. Әлеуметтік сұрақтар бойынша комиссия төрағасы етіп Наталья Александровна Горицинаны сайлау.
Бұл ұсыныс үшін кім дауыс береді? Кім қолдайды? Қарсы? Қалыс қалды? Жоқ.
Целиноград ауданының Қоғамық кеңесінің қызметі басшылығын жүзеге асыру үшін отырыстар арасындағы кезеңдегі Қоғамдық кеңес төралқасын сайлау қажет. Кеңес төралқасы құрамына Қоғамдық кеңес төрағасы, мемлекеттік орган басшысы, комиссия мүшелері енгізіледі:
1. Сағадат Қайыржанұлы Әшебеков
2. Рашит Қайыржанұлы Акимов
3. Ляззат Амангелдіқызы Қонарбаева
4. Қанат Ғалымжанұлы Теміров
5. Наталья Александровна Горицина
Бұл ұсыныс үшін кім дауыс береді? Кім қолдайды? Қарсы? Қалыс қалды? Жоқ. Төралқа сайланды.
Төрағалық етуші: С.Қ. Әшебеков:
Күн тәртібіндегі келесі сұрақ бойынша Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекітуіміз қажет. Сіздердің қолдарыңызда Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережесі жобасы бар.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту үшін кім дауыс береді? Кім қолдайды? Қарсы? Қалыс қалды? Жоқ. Ереже бекітілді.
Төрағалық етуші: С.Қ.Әшебеков:
Күн тәртібіндегі келесі «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» мәселесін қарауға көшеміз.
Баяндамашы:
Шамренов Мақсат Сайранұлы, Целиноград ауданы әкім аппаратының инспекторлық бақылау жұмысы және мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін талдау бөлімінің бас маманы.
Сұрақтар: Жоқ.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШТІ:
«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» мәселесі бойынша Целиноград ауданы әкімі аппаратының инспекторлық бақылау жұмысы және мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін талдау бөлімінің бас маманы М.С. Шамреновтың ақпараты назарға алынсын.
Ұсынылсын:
1) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде және БАҚ-та орналастыруды қамтамасыз ету;
2) 2022 жылы сервистік әкімдіктерді ашу жоспарының орындалуына бақылау жүргізу;
3) жоғарыда көрсетілген ұсынымдарға жауапты 2022 жылдың II тоқсаны соңына дейін ұсынуды сұраймыз.
Кім қолдайды? Қарсы? Қалыс қалды? Жоқ. Дауыс бірауыздан берілді.
Төрағалық етуші: С.Қ.Әшебеков:
Құрметті Қоғамдық кеңес отырысының қатысушылары!
Кеңес отырысының қарауына енгізілген мәселелер қаралды.
Қоғамдық кеңес отырысы жабық деп жарияланады.
Отырыс жұмысына қатысқандарыңызға алғыс білдіремін!
Целиноград ауданының
Қоғамдық кеңесінің
төрағасы С. Әшебеков
Қоғамдық
кеңестің хатшысы Д. Оралбекұлы