Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 125/21-7 2022 жылғы 18 наурыз
«Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Целиноград ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 179/25-6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Целиноград ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 179/25-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6405 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева