Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 123/21-7 2022 жылғы 18 наурыз
Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 97/18-7 «2022-2024 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» 2021 жылғы
24 желтоқсандағы № 97/18-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 162164 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақмол ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 161 862,7 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 95 349,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 20 600,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 45 913,0 мың теңге;
2) шығындар – 171 084,0 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 9 221,3 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 9 221,3 мың теңге.
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 9 221,3 мың теңге.
2022 жылға арналған Ақмол ауылдық округі бюджетінің шығындарында аудандық бюджетке 80 600,0 мың теңге сомасында бюджеттік алып қою көзделгені ескерілсін.
2022 жылға арналған Ақмол ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi
44 925,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
2022 жылға арналған Ақмол ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi 988,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.»;
6 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«6. 2022-2024 жылдарға арналған Қараөткел ауылдық округінің бюджеті тиісінше 16, 17 және 18 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 133 857,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 27 500,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 41 580,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 64 777,0 мың теңге;
2) шығындар – 133 857,0 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге.
2022 жылға арналған Қараөткел ауылдық округі бюджетінің шығындарында аудандық бюджетке 41 580,0 мың теңге сомасында бюджеттік алып қою көзделгені ескерілсін.
2022 жылға арналған Қараөткел ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi
49 005,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
2022 жылға арналған Қараөткел ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi 772,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
2022 жылға арналған Қараөткел ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi
15 000,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.»;
7 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«7. 2022-2024 жылдарға арналған Тайтөбе ауылының бюджеті тиісінше 19, 20 және 21 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 12 012,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 600,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 9 412,0 мың теңге;
2) шығындар – 21 766,2 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – -9 754,2 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 9 754,2 мың теңге.
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 9 754,2 мың теңге.
2022 жылға арналған Тайтөбе ауылының бюджетінде аудандық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн субвенция көлемi 4 126,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
2022 жылға арналған Тайтөбе ауылының бюджетінде аудандық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi 5 000,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
2022 жылға арналған Тайтөбе ауылының бюджетінде республикалық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi 286,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.»;
12 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«12. 2022-2024 жылдарға арналған Оразақ ауылдық округінің бюджеті тиісінше 34, 35 және 36 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 75 717,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 765,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 72 952,0 мың теңге;
2) шығындар – 75 717,0 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге.
2022 жылға арналған Оразақ ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн субвенция көлемi 23 931,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
2022 жылға арналған Оразақ ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi 3 000,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
2022 жылға арналған Оразақ ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi 1 283,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
2022 жылға арналған Оразақ ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi 44 738,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.»;
14 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«14. 2022-2024 жылдарға арналған Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің бюджеті тиісінше 40, 41 және 42 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 35 701,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 6 110,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 620,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 24 971,0 мың теңге;
2) шығындар – 37 250,9 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 549,9 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 549,9 мың теңге.
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 549,9 мың теңге.
2022 жылға арналған Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі бюджетінің шығындарында аудандық бюджетке 4 620,0 мың теңге сомасында бюджеттік алып қою көзделгені ескерілсін.
2022 жылға арналған Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi 24 427,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
2022 жылға арналған Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi 544,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.»;
17 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«17. 2022-2024 жылдарға арналған Талапкер ауылдық округінің бюджеті тиісінше 49, 50 және 51 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 344 794,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 22 000,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 31 320,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 291 474,0 мың теңге;
2) шығындар – 344 794,0 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге.
2022 жылға арналған Талапкер ауылдық округі бюджетінің шығындарында аудандық бюджетке 31 320,0 мың теңге сомасында бюджеттік алып қою көзделгені ескерілсін.
2022 жылға арналған Талапкер ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi
102 051,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
2022 жылға арналған Талапкер ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi 1 469,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
2022 жылға арналған Талапкер ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен ауылдық округтің бюджетіне берiлетiн трансферттер көлемi
187 954,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 16, 19, 34, 40, 49-қосымшалары осы шешімнің
1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
көрсетілген шешімнің 20, 21-қосымшаларының мәтіндерінде «Қосшы ауылдық округінің» деген сөздер «Тайтөбе ауылының» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Л. Қонарбаева |