Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 122/21-7 2022 жылғы 18 наурыз
Целиноград аудандық мәслихаты
хатшысының атқарылған
жұмыс туралы есебі туралы
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы Ляззат Амангелдіқызы Конарбаеваның атқарылған жұмыстар туралы есебін тыңдай және талқылай келе, Целиноград аудандық мәслихаты есепті кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін іске асыруда және халықтың әл-ауқатын жақсартуда мәслихаттың рөлін арттыруға бағытталған нақты жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.
Есепті 2021 жылы барлығы аудандық мәслихаттың 18 сессиясы өткізілді, оның ішінде 4 кезекті және 14 кезектен тыс, онда әртүрлі мәселелер бойынша 103 шешім қабылданды, оның ішінде құқықтық нормаларды белгілейтін 15 шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және тиісті нөмір беріле отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілді.
Аудандық мәслихат сессияларында аудандық бюджетті және ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту, орындау және нақтылау, индустриялық-инновациялық дамыту және қала құрылысы саясатын іске асыру, ауданның әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер, азаматтарды әлеуметтік қолдау, тұрғын үй көмегі, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері және тағы басқа мәселелер қаралды. Аталған мәселелерді қарау аудан әкімі мен оның орынбасарларының, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар басшыларының дербес есептері арқылы жүзеге асырылды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары (төрағалары С.А. Ибряев, И. С. Сәденова) нақты жұмыс жүргізді. Сессияда енгізілетін мәселелерді алдын ала қараудан басқа, тұрақты комиссиялардың отырыстарында 17 жоспарлы мәселе қаралып, олардың әрқайсысы бойынша тиісті қаулы қабылданды. Есепті кезеңде барлығы тұрақты комиссиялардың 18 бірлескен отырысы өткізілді.
Сайлаушылармен жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Барлық сайлау округтерінде депутаттардың сайлаушылармен есептік кездесулері өтті. 2021 жылдың есептік кезеңінде сайлаушылармен барлығы 188 кездесу, жеке қабылдау өткізілді, оның ішінде «Amanat» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында - 44, қаралған өтініштердің саны – 252-ден астам. Мемлекеттік және өзге де органдардың басшыларына электр, интернет, сумен жабдықтау, автомобиль жолдары, денсаулық сақтау, құқық тәртіп мәселелері бойынша 40 депутаттық сауал жолданып, барлығына жауаптар алынды.
Өзінің тікелей депутаттық өкілеттігін орындаудан басқа, аудандық мәслихаттың көптеген депутаттары аудан әкімдігі жанындағы түрлі консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына белсенді ат салысуда, Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің, «Amanat» партиясы аудандық филиалы жанындағы депутаттық фракцияның мүшелері болып табылады (төрағасы А.Ж. Қанапиянов). Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттары ауданда өткізілетін барлық қоғамдық-саяси іс-шараларға, қайырымдылық акцияларға қатысып, аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетіп келеді.
Аудан тұрғындарын аудандық мәслихаттың және оның депутаттарының қызметі, қабылданатын шешімдер мен қаулылар туралы неғұрлым толық хабардар ету мақсатында мәслихаттың ресми сайтында 2021 жылы 324 құжат орналастырылды және мәслихаттың қызметі туралы 185 жаңалық хабарламалар, аудандық газеттерде депутаттардың 25 мақаласы мен жарияланымдары жарыққа шықты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап аудандық мәслихат сессияларының онлайн көрсетілімі енгізілді, осы мақсатта Целиноград аудандық мәслихаты / Целиноградский районный маслихат деп аталатын Aitube арнасы құрылды. 2021 жылы Aitube арнасында өткізілген тұрақты комиссиялар мен сессиялар туралы 69 бейне материал жарияланды.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19-бабына, Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 шілдедегі № 44/9-7 шешімімен бекітілген Целиноград аудандық мәслихаты регламентінің 36-тармағына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы Л.А. Конарбаеваның атқарылған жұмыстар туралы есебі назарға алынсын.
2. Целиноград аудандық мәслихатының хатшысына және аппаратына ұсынылсын:
1) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдесу және оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігі арттырылсын;
2) сессияларды, тұрақты комиссиялар мен депутаттық сағаттарды дайындау мен өткізудің нысандары жетілдірілсін; өткір және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен көпшілік тыңдаулар өткізу тәжірибеге енгізілсін;
3) депутаттық сауалдар мен өтініштерді қаралуына бақылау күшейтілсін.
3. Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік бағдарламалық құжаттардың негізгі ережелерін іске асыруға бағытталған жұмысты жандандыру, ол үшін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өз құқықтарын кеңірек және неғұрлым тиімді пайдалану ұсынылсын, атап айтқанда:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларын қаралсын және бекітілсін;
2) аудандық бюджетті, ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерін қабылдау және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітсін;
3) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізсін;
4) заңнамаға сәйкес сайлаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырсын;
5) ауданның экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының, жоспарларының орындалуына бақылауды жүзеге асырсын;
6) азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттің заңнамалық нормаларын орындауына жәрдемдессін;
7) аудандық мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер бойынша қорытындылар берсін;
8) халықпен кездесулер өткізсін және оларды мәслихаттың, тұрақты комиссиялардың жұмысы, өзінің депутаттық қызметі туралы хабардар етсін, ол үшін аудандық газеттердің мүмкіндіктерін және интернет-ресурстарды белсенді пайдалансын.
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева