Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 121/21-7 2022 жылғы 18 наурыз
Целиноград ауданындағы
білім беру сапасы туралы
Жоғарыда аталған мәселе бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы А.А. Елеуованың есебін тыңдай және талқылай келе, Целиноград аудандық мәслихаты жалпы алғанда Целиноград ауданындағы білім беру сапасы білім беру үрдісінің стандарттарына сәйкес келетінін атап өтті.
Аудандық білім беру жүйесіне 110 ұйым кіреді: 66 мектепке дейінгі мекеме, 44 орта білім беру ұйымы және 1 қосымша білім беру ұйымы.
Мектепке дейінгі білім беру: ауданда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді 91 мектепке дейінгі мекеме жүзеге асырады, оның ішінде: 53 балабақша (12 мемлекеттік, 41 жеке) және 13 балалар саны бар шағын орталықтар - 6098 (1879 - мемлекеттік, 4017 - жеке, 202-шағын орталық).
Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтудың жалпы көлемі:
- 2 жастан 6 жасқа дейін - 86,1 пайыз;
- 3-6 жас - 100 пайыз.
Кезекте тұрғандардың жалпы саны - 1804, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін - 769. Балабақшада 474 педагог жұмыс істейді.
Қосымша білім беру: 2016 жылдан бастап «Жас шабыт» балалар шығармашылығы орталығы жұмыс істейді, оның филиалдары 10 мектепте орналасқан. Үйірме жұмыстарымен 3100 оқушы қамтылған. 30-дан астам педагог балаларды шығармашылық дағдыларға үйретуде. Үйірмелер 5 бағыт бойынша жұмыс жасайды: көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы өнер, техникалық, қоғамдық-гуманитарлық, спорттық. Оқушылар Сочи, Қазан, Анапа, Алматы, Нұр-Сұлтан және басқа да халықаралық және республикалық байқаулардың Гран-при иегерлері.
Орта білім беру ұйымдары: ауданның орта білім беру жүйесінде 44 мектеп, оның ішінде: 43 мемлекеттік (31 - орта, 8 - негізгі, 4 - бастауыш) және 1 жекеменшік. 17 шағын жинақты мектеп.
Оқыту тілі: 19 - мемлекеттік тілде, 21 - аралас тілде, 2 - орыс тілінде (Родина және Аққайын ауылдарында).
1-11 сынып оқушыларының контингенті - 18858 оқушы. Жекеменшік мектептерде 13 оқушы оқиды (13 – «Светоч»). Мектепалды даярлық сыныптарында 1067 оқушы бар. Барлық мектептер офлайн форматта оқиды.
Аудан бойынша педагог кадрларға тапшылық жоқ. Бүгінгі таңда ауданның білім беру ұйымдарында 2127 педагог жұмыс істейді. 2021 жылдың басынан 230 мұғалім жұмысқа орналасты, оның ішінде 98 жас маман. Жаңа форматтағы санаттар бойынша аттестаттаудан өткен мұғалімдердің жалпы саны 1355 немесе 60 пайызды құрайды.
Өткен оқу жылында пандемия мен кейбір сыныптардың қашықтықтан білім алуына байланысты білім сапасы 61 пайызды құрады, бұл 2019-2020 оқу жылдарымен салыстырғанда 4,8 пайызға төмен. 2020 жылы білім беру сапасы 65,2 пайызды құрады.
Аудан педагогтары ассоциациясының алдында сапалы білім беру мәселесі ғана емес, сонымен қатар саналы тәрбие беру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері тұр. 2020-2021 оқу жылы ішінде білім бөлімі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөліп келді. 2021 жылы аудан әкімшілігі Ақмол ауылынан 18 жастан асқан 8 жетім баланы пәтермен бқамтамасыз етті.
2020 жылдың мамыр айында ата-аналарға, заңды өкілдерге және балаларға арналған «Көмек алаңы - Территория помощи» телеграмм-каналы ашылып, аталған санаттағы мәселелерді шешіп, шұғыл құзырлы кеңес алуға мүмкіндік туды.
Отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамның кең қатысуымен кешенді тәрбие жұмысының нәтижесінде білім беру ұйымдарында құрылған қамқоршылық кеңестері жұмыс атқаруда.
Ағымдағы оқу жылында енгізілген тәрбие жұмысының ерекшеліктерін атап өткім келеді: дебаттар, өзін-өзі басқару, делдалдықты ұйымдастыру, мектеп түлектерін қайырымдылыққа тарту, күніне 20 минут оқу сияқты жобалар.
Пікірталас клубтарының саны биыл ауданның 16 мектебінде ашылды. Бұл клубтар ойлау қабілеті, мінезі, ұмтылысы мен уәжі дамыған 1300 баланы қамтыды.
Баланың жан-жақты дамуы үшін 1050 орындық қосымша білім беру ұйымдары бар. Аудан мектептерінде клубтар мен спорт секциялары ашылған.
Ауданымыздың оқушылары облыстық, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Нәтижелерге тоқталып өтсек:
1) 8-11 сыныптар арасында «Дарын» облыстық ғылыми жобалар байқауы өтті, барлығы 4 орын, оның ішінде 2 - 1, 3 - 1, грамоталар - 2;
2) ғылыми жобаларды қорғау бойынша республикалық онлайн-конкурсқа 2020 жылдың қазан айында біздің ауданымыздың 5 оқушысы қатысып, 1, 2-дәрежелі дипломдардың жеңімпаздары атанды.
3) 2020 жылдың күзгі маусымы орыс тілінен «21 оқушы» халықаралық қашықтық олимпиадасына аудан бойынша 12 оқушы қатысып, олардың бесеуі жүлделі 1, 2 орынға ие болды;
4) Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай - дана, Абай - дара қазақта» республикалық онлайн-конкурсы өткізіліп, ауданымыздың 26 оқушысы жүлделі орындарға ие болып, грамоталармен марапатталды;
5) республикалық деңгейде онлайн «Мақатаев оқулары» өтті, оған 9 оқушы қатысып, төрт оқушы жүлделі орындарға ие болды;
6) «ALASH ONER ORDA» порталы 2020 жылдың қазан айында онлайн конкурс өткізіп, ауданымыздың 6 қатысушысы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды;
7) республикалық балалар шығармашылығы орталығы «Ғұмырдария», «Асыл мұра» байқауларын өткізіп, 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды;
8) біздің ауданымыздың оқушылары республикалық «Асыл сөз іздесең, Абай оқы ерінбе» интернет-конкурсына қатысып, жүлделі сертификаттармен марапатталды;
9) 2022 жылдың қаңтарында «Абайтану» облыстық олимпиадасына бір оқушы қатысып, жүлделі орынды иеленді және республикалық кезеңге өтті;
10) «Үздік эссе» Оразақ ауылы жалпы орта мектебі - Жанділдина Баян, 2-орын, 11-сынып, облыстық.
11) «Үздік отбасы» - Ынтымақ ауылы мектебі - дене шынықтыру мұғалімі Хурмет Дәуренбек, 2-орын, облыстық жетістік.
12) сонымен қатар, мектеп спортшылары барлық облыстық, республикалық жарыстарға белсенді қатысып келеді, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болуда.
Оқу үрдісінің сапасын арттыру мақсатында кезең-кезеңімен үш ауысымды мектептер мәселесі шешілуде.
2022 жылдың қаңтар айында Төңкеріс ауылында 110 орындық 2 мектеп, Раздольное ауылында 80 орындық мектеп пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы тағы 3 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл -Арайлы ауылындағы 300 орындық, Өтеміс ауылындағы 120 орындық мектептер. Сондай-ақ, Шұбар ауылында 300 орындық 2 мектеп және Жаңажол ауылында 80 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, Тастақ, Бірлік елді мекендерінде 80 орындық мектеп құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
- Ақмол, Талапкер ауылдарында 600 орындық (1 және 2-позициялар);
- Қоянды, Қараөткел ауылдарында 900 орындық;
- Қаражар ауылында 600 орындық;
- Тайтөбе және Қажымұқан ауылдарында 300 орындық;
- Ақмешіт ауылында 80 орындық мектеп құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
2021 жылы жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен 87433,0 мың теңгеге материалдық-техникалық база жаңартылды: спорттық тауарлар салынды, Қараөткел ауылының № 1 мектебіне арналған биология кабинеті және футбол алаңы, Ыбырай Алтынсарин, Приречное, Қабанбай батыр, Ақмол, Шалқар ауыл мектептеріне арналған химия кабинеті салынды. Турникеттер Ыбырай Алтынсарин, Тайтөбе, Оразақ, Талапкер ауылдарының мектептерінде орнатылды.
Оқушыларды қашықтықтан және күндізгі оқыту ұйымдастырылды, білім беру ұйымдары санитарлық қауіпсіздік құралдарымен толық қамтамасыз етілген.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру мекемелері 100 пайыздық бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
Оқытудың қолжетімділігін ұйымдастыру үшін күн сайын 1281 баланы тасымалдау жүзеге асырылады, оның ішінде 752 оқушы ауданның 9 мектебіне және тиісті білім беру ұйымдары жоқ 14 ауылдан 3 қалалық мектепке жеткізіледі және 2033 бала үшін 4 елді мекенде: Қоянды, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин, Қараөткел ауылішілік тасымалдау ұйымдастырылған. Тасымалдауды ұйымдастыруға 25 мектеп автобусы, 2 шаруашылық автобусы және 1 жалға алынған көлік құралы жұмылдырылды.
Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру мектептер мен білім беру бөлімі қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Ыстық тамақ 37 мектепте ұйымдастырылған. Оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жеткізушілер жеке кәсіпкерлер болып табылады. Родина және Мәншүк ауылдарының екі орта мектебінде тамақтануды ұйымдастырушылар-фермалар болып табылады. Ыстық тамақпен оқушылардың 95 пайызы қамтылған. Тегін ыстық тамақпен халықтың әлеуметтік осал топтарынан 1606 оқушы қамтылған. Буфеттік тамақтану 8 мектепте ұйымдастырылған. Аудан бойынша ыстық және буфеттік тамақпен қамту 100 пайызды құрайды. 2673 бірінші сынып оқушылары үшін бюджет есебінен тегін тамақтандыру ұйымдастырылды.
Бүгінде мемлекет әлемдік стандарттарға сай келетін білім беру сапасының озық позицияларына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Бұл үшін білім беру жүйесі барлық деңгейлерде мемлекеттік қолдауға ие.
Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, мектептердегі оқытушылар құрамының кадрлық тұрақсыздығы өзекті мәселе болып қалуда, негізгі пәндер бойынша мұғалімдер, атап айтқанда математика, орыс тілі, химия, физика, тарих, биология, сондай-ақ қосымша - ағылшын тілі, қолданбалы өнер пәндері бойынша мұғалімдер қажет етіледі.
Жаңа модификация кабинеттері жеткіліксіз, аудан мектептерін компьютерлік техникамен, интерактивті тақталармен және мектеп жиһаздарымен, биология, химия, физика кабинеттерін заманауи зертханалармен жаңарту қажет, мектептерде бұрынғыдай спорттық керек-жарақтарға қажеттілік бар.
Мектептерде күрделі жөндеу жүргізу мәселесі ашық күйінде қалып отыр, халықтың өсуіне байланысты жаңа мектептер мен балабақшалар салу талап етілуде.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы міндетін атқарушысының «Целиноград ауданындағы білім сапасы туралы» мәселесі туралы есебі назарға алынсын.
2. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына ұсынылсын:
аудан мектептеріне кезең-кезеңмен күрделі жөндеу жүргізу бойынша нақты шаралар қабылдансын және орындалған жұмыстардың сапасын ерекше бақылауға алынып, білім беру мекемелері пайдалануға берілсін;
ауданның білім беру мекемелерінің ғимараттарына жөндеу жүргізу бойынша мақсатты жұмыстар жалғастырылсын;
аудан мектептеріндегі жылу жүйесіне алдын ала тексеру жүргізілсін, терезелер мен есіктерді жөндеу және ауыстыру арқылы жылу шығынын болдырмауды жүзеге асырсын;
аудан мектептерінің оқу-материалдық базасы нығайтылсын, интерактивті жаңа модификациялы оқу кабинеттері, компьютерлік техника сатып алу бойынша шаралар күшейтілсін;
оқу-тәрбие үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі іс-шаралар жалғастырылсын, жұмысшы мамандықтары насихатталсын;
мектептерді қажетті спорттық керек-жарақтармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ерекше назар аударылсын;
тұрақты негізде кәсіби қорғауды енгізу мәселесі қаралсын.
3. Ауыл, ауылдық округ әкімдеріне «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп ұсынылсын:
аудан мектептерін жетіспейтін педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдансын;
ауыл, ауылдық округ аумағында мектеп іс-шараларын өткізуге тұрақты негізде қолдау көрсетілсін;
білім беру мекемелерінің жылыту маусымына дайындық жағдайына тұрақты негізде бақылау жүргізілсін;
кірме жолдарды уақытылы тазалау және қысқы кезеңде қарды шығару жұмыстары жүргізілсін.
4. Аудандық газеттерге Целиноград ауданының білім беру жүйесін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы аудан тұрғындарын тұрақты негізде хабардар ету ұсынылсын.
5. Шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік пен этика жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
6. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева