Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақмол ауылы     № 120/21-7    2022 жылғы 18 наурыз

 

 

Жетінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезекті

жиырма бірінші сессиясының

күн тәртібі туралы

               

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті  жиырма бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1. Целиноград ауданындағы білім беру сапасы туралы.

Баяндамашы: Елеуова Айнұр Айтбайқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

2. Целиноград аудандық мәслихаты хатшысының атқарылған жұмыс туралы есебі.

Баяндамашы: Конарбаева Ляззат Амангелдіқызы, Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы.

3. Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 97/18-7 «2022-2024 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Куликенов Бауыржан Әділбекұлы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

4. «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Жұмабай Бахтияр, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі аппаратының басшысы.

5. «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Целиноград ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 179/25-6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

Ақпарат беруші: Жұмабай Бахтияр, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі аппаратының басшысы.

6. Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 40/8-7 «Целиноград ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Сүлейменов Сәкен Бейсембайұлы, Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы

7. Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 74/14-7 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақпарат беруші: Сүлейменов Сәкен Бейсембайұлы, Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы

8. Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 100/18-7 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақпарат беруші: Сүлейменов Сәкен Бейсембайұлы, Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы

9. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 422/63-6 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақпарат беруші: Жұмабаев Мэлс Сәкенұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы

10. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хаьшысы                          Л. Конарбаева

шешім
Дата публикации
18 марта 2022