Жолдаудың жаңа бастамаларға бағытталуы
Бүгін 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Өз Жолдауында еліміздегі заң үстемдігіне ерекше тоқталып, заң жалпыға бірдей екендігін атап өтті. Сонымен қатар қаңтардағы орын алған жағдай бойынша «Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді», деді Мемлкет басшысы. Осы орайда ел тұтастығын сақтау жолында жасалып жатқан жұмыстарды жоққа шығаруға ұмтылған жоғары лауазымдағы азаматтардың сатқындығы жанына батқанын да атап өтті. Сондай-ақ ел дамуында саяси жаңғыру қажет деп ескеріп өтті. Халықтың әл-ауқатын жақсартуда еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынатындығын жеткізді. Бүгінгі Жолдаудағы бір ерекшелігі Президент ешқандай партияда болмауы тиіс деп түсінік беріп өтті. Мемлекет басшысы Президенттің өкілеттігін қысқарта отырып, Парламенттің рөлін күшейтудің маңызды екенін де атап өтті. Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн дей келе, мәслихаттардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн. Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын», деді Президент. Жолдауда тағы бір ескерілгені әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату керектігі. Қуанышты жаңалықтың бірі жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар екендігін ұлы тұлғаларды ұлықтауымыз қажет екендігін жеткізді. Бүгінгі Жолдау халыққа тың серпіліс әкелері сөзсіз деп есептеймін.
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы Ляззат Қонарбаева