Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 114/20-7 2022 жылғы 3 наурыз
Жетінші шақырылған
Целиноград аудандық
мәслихатының кезектен тыс
жиырмасыншы сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы.
Ақпарат беруші: Канапиянов Азамат Женісұлы, Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі.
2. Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 274/40-6 «Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Жұмабай Бахтияр, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
3. Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 52/6-6 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Ирешова Салтанат Сансызбайқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
4. Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 304/43-5 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Ирешова Салтанат Сансызбайқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
5. Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 311/43-5 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Ирешова Салтанат Сансызбайқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева