XIX сессияның күн тәртібі

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақмол ауылы     № 104/19-7      2022 жылғы 18 ақпан

 

 

Жетінші шақырылған

Целиноград аудандық мәслихатының

кезектен тыс он тоғызыншы

сессиясының күн тәртібі туралы

        

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1. Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 90/17-7 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Куликенов Бауыржан Әділбекұлы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2. Целиноград аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

Ақпарат беруші: Жұмабай Бахтияр, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

3. Целиноград аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Жұмабай Бахтияр, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

4. Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 52/6-6 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Байділдина Жанар Еркінқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

5. Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 304/43-5 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Байділдина Жанар Еркінқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

6. Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 308/43-5 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Байділдина Жанар Еркінқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

7. Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 340/48-5 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық келісім Кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Байділдина Жанар Еркінқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

8. Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 тамыздағы № 139/18-6 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Байділдина Жанар Еркінқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

9. Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 311/43-5 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Байділдина Жанар Еркінқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                          Л. Конарбаева

18.02.2022 ж. № 104/19-7 шешім
Дата публикации
18 февраля 2022