Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 311/43-5 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақмол ауылы      № 113/19-7     2022 жылғы 18 ақпан

 

 

Целиноград аудандық мәслихатының

2015 жылғы 14 шілдедегі № 311/43-5

«Целиноград ауданы әкімдігінің

жанындағы діни бірлестіктермен

байланыс жөніндегі Кеңестің дербес

құрамын бекіту туралы» шешіміне

өзгеріс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданы әкімінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 01-25/114 өтініші негізінде Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:  

1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 шілдедегі № 311/43-5 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                          Л. Конарбаева

 

Целиноград аудандық

мәслихатының 2022 жылғы

18 ақпандағы № 113/19-7       

шешіміне қосымша

 

Целиноград аудандық

мәслихатының 2015 жылғы

14 шілдедегі № 311/43-5      

шешіміне қосымша

                      

Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы діни

 бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің

дербес құрамы

Оспанбеков

Бахидбек Амантайұлы

Целиноград ауданының әкімі, Кеңес төрағасы;

 

 

Айткужинова

Алма Көкішқызы

 

Целиноград ауданы әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары;

Ермуханова

Нұрсұлу Ержанқызы

«Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Кеңес хатшысы;

 

Кеңес мүшелері:

 

 

Ахметов

Қанат Есенбекұлы

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша);

 

Байдильдина

Жанар Еркінқызы

 

«Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

 

Битаков

Қанат Ағзамұлы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаменті Целиноград ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша);

 

Жапишев                                        Әбілхан Балташұлы

Целиноград аудандық мешітінің имамы (келісім бойынша);

 

Жарылғапұлы Асқар

Целиноград ауданының прокуроры (келісім бойынша);

 

Калиев Сергий

 

 

«Приход в честь Николая Чудотворца» православиелік діни бірлестігінің дін қызметшісі (келісім бойынша);

 

Капанов

Амангелді Шаукенұлы

 

«Болашақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Целиноград ауданы бойынша әкелер Кеңесінің төрағасы

(келісім бойынша);

 

Сибанбаев

Дәурен Айтмырзаұлы

«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Целиноград аудандық емханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша);

 

Хасенова

Жанар Науханқызы

Талапкер ауылының «Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі, Целиноград ауданы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы (келісім бойынша).

 

шешім
Дата публикации
18 февраля 2022