Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 112/19-7 2022 жылғы 18 ақпан
Целиноград аудандық мәслихатының
2017 жылғы 25 тамыздағы № 139/18-6
«Целиноград ауданы әкімдігінің
жанындағы мемлекеттік жастар
саясатын іске асыру жөніндегі
Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданы әкімінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 01-25/114 өтініші бойынша Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» 2017 жылғы 25 тамыздағы № 139/18-6 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева
Целиноград аудандық мәслихатының
2022 жылғы 18 ақпандағы № 112/19-7
шешіміне қосымша
Целиноград аудандық мәслихатының
2017 жылғы 25 тамыздағы № 139/18-6
шешіміне қосымша
Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі Кеңестің дербес құрамы
|
Оспанбеков Бахидбек Амантайұлы
|
Целиноград ауданының әкімі, Кеңес төрағасы;
|
|
Айткужинова Алма Көкішқызы |
Целиноград ауданы әкімінің орынбасара, Кеңес төрағасының орынбасары;
|
|
Жанабекова Жания Маратқызы
|
Целиноград ауданы ішкі саясат бөлімінің «Целиноград ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Кеңес хатшысы;
|
|
Кеңес мүшелері:
|
|
|
Ахманов Жаңбырбай Тұрханайұлы |
Целиноград ауданы «Қаһарман» әскери-патриоттық клубының басшысы (келісім бойынша);
|
|
Ахметов Қанат Есенбекұлы
|
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша);
|
|
Асанбаев Ерік Игілікұлы |
Целиноград ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының аға учаскелік инспекторы (келісім бойынша);
|
|
Байдильдина Жанар Еркінқызы
|
«Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
|
|
Дүйсебекова Айсұлу Олжабайқызы |
«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
|
|
Қанапиянов Азамат Жеңісұлы
|
«Nur Otan» партиясы Целиноград аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
|
|
Косман Азамат Қайырбекұлы |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ақмола облысы Целиноград және Қоргалжын аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша);
|
|
Сибанбаев Дәурен Айтмырзаұлы |
«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша);
|
|
Сүйінжанова Айгүл Үкіметқызы
|
«Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
|
|
Темірбаев Болат Жанатайұлы
|
Целиноград ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы (келісім бойынша); |
|
Умарова Динара Сәбитқызы
|
«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша);
|
|
Шарипов Нұрлан Қанатұлы |
Целиноград аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы (келісім бойынша);
|
|
Шекербек Айгүл Өсербекқызы |
Целиноград ауданының «Ниет» еріктілер қозғалысының төрайымы (келісім бойынша). |