Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 110/19-7 2022 жылғы 18 ақпан
Целиноград аудандық мәслихатының
2015 жылғы 14 шілдедегі № 308/43-5
«Целиноград ауданы әкімдігінің
жанындағы отбасы істері және
гендерлік саясат жөніндегі комиссияның
дербес құрамын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданы әкімінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 01-25/114 өтініші бойынша Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 шілдедегі № 308/43-5 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева
Целиноград аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
18 ақпандағы № 110/19-7
шешіміне қосымша
Целиноград аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
14 шілдедегі № 308/43-5
шешіміне қосымша
Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамы
|
Айткужинова Алма Көкішқызы |
Целиноград ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы;
|
|
Байдильдина Жанар Еркінқызы |
«Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия төрайымының орынбасары;
|
|
Ермуханова Нұрсұлу Ержанқызы |
«Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;
|
|
Комиссия мүшелері:
|
|
|
Ахметов Қанат Есенбекұлы
|
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы(келісім бойынша);
|
|
Болатова Айгүл Рақымқызы
|
Целиноград ауданы «Батыр» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша);
|
|
Дүйсебекова Айсұлу Олжабайқызы
|
«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
|
|
Конарбаева Ляззат Амангелдіқызы |
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша);
|
|
Рахметов Радим Қадемұлы |
«Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
|
|
Сибанбаев Дәурен Айтмырзаұлы |
«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша);
|
|
Сүйінжанова Айгүл Үкіметқызы
|
«Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
|
|
Хасенова Жанар Науханқызы |
Талапкер ауылының «Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі, Целиноград ауданының Іскер әйелдері қауымдастығының төрайымы (келісім бойынша);
|
|
Шарипов Нұрлан Қанатұлы |
Целиноград аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, (келісім бойынша). |