Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 107/19-7 2022 жылғы 18 ақпан
Целиноград аудандық
мәслихатының регламентін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 9 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентіне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының қоса беріліп отырған регламенті бекітілсін.
2. Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 шілдедегі «Целиноград аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» № 44/9-7 шешімі жойылсын.
3. Осы шешім қол қойылған және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Қонарбаева
Целиноград аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
18 ақпандағы № 107/19-7
шешімімен бекітілген
Целиноград аудандық мәслихатының регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң) Целиноград аудандық мәслихатының осы регламенті (бұдан әрі – Регламент) бойынша отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептер беру, депутаттық сауалдарды қарау тәртібін, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктердің өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысын ұйымдастыру тәртібін және басқа да рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелерді белгілейді.
2. Мәслихат (жергілікті өкілді орган) Целиноград ауданының халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Мәслихаттың заңды тұлға құқықтары болмайды.
3. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
2. Мәслихаттың сессиясын өткізу тәртібі
4. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда Қазақстан Республикасының заңдарымен оның қарауына жатқызылған мәселелер шешіледі.
Егер мәслихаттың сессиясына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, оның құқықтық күші бар болды. Осы тармақтың бесінші бөлігінде көрметілген жағдайларды қоспағанда, сессия мәслихаттың техникалық мүмкіндіктері ескеріліп, интернет-ресурстарда онлайн-трансляция ұыймдастырыла отырып жалпы отырыстар нысанында өткізіледі.
Сессияның жұмысында мәслихаттың шешімі бойынша мәслихат белгілеген, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін. Сессияның ұзақтығын мәслихат айқындайды.
Мәслихаттың әрбір отырысының алдында қатысып отырған депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижелерін мәслихат хатшысы отырыс басталардан бұрын жария етеді.
Мәслихат сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Егер бұған қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, мәслихат хатшысының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімі бойынша жабық сессияларды өткізуге жол беріледі.
Төтенше жағдай режимі жарияланған кезде немесе төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою кезінде, шектеу шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде сессия бейне-конференц байланыс немесе өзге де байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
5. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын депутаттардың осы мәслихат үшін белгіленген санының кемінде төрттен үш бөлігі болған кезде, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күндік мерзімнен кешіктірмей Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
6. Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мәслихаттың бірінші сессиясын ашады және оны мәслихат хатшысы сайланғанға дейін жүргізеді. Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы депутаттарға депутаттар арасынан мәслихат хатшысының кандидатурасын енгізуді ұсынады, ол бойынша ашық немесе жасырын дауыс беру жүргізіледі. Депутаттардың жалпы санының көпшілік даусын алған кандидат сайланды деп есептеледі.
7. Мәслихат шешімдерді дауыс беру арқылы қабылдайды.
Дауыс беру:
1) бар болса, дауыстарды санаудың электрондық жүйесі пайдаланылып;
2) қол көтеру арқылы;
3) бюллетеньдерді пайдалана отырып.
Дауыс беруді өткізу үшін депутаттардың қажетті саны болмаған кезде мәслихат хатшысы не оны алмастыратын адам кворумды қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Кворумды қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде төрағалық етуші дауыс беруді мәслихаттың келесі отырысына ауыстырады.
Өткізілген дауыс беру рәсімі мен техникасында қателер анықталған жағдайда, мәслихаттың шешімі бойынша қайта дауыс беру өткізіледі.
Барлық мәселелер бойынша дауыс беру нәтижелерін мәслихат хатшысы немесе оны алмастыратын адам дауыс беруге қатысқандардың, «жақтап», «қарсы» дауыс бергендердің, қалыс қалғандардың санын және дауыс беру қорытындысын көрсете отырып жария етеді. Деректер мәслихат отырысының хаттамасына енгізіледі.
Мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдерінің күшін жою, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу олар қабылданған кездегідей дауыс беру арқылы жүргізіледі.
8. Мәслихаттың кезекті сессиясы мәслихат хатшысының шешімімен жылына кемінде төрт рет шақырылады және оны мәслихат хатшысы жүргізеді. Кезекті сессиялардың өткізілуін мәслихат сессиясында жоспарлайды.
9. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын мәслихат хатшысы осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ тиісті аумақ әкімінің өтініші бойынша шақырады және жүргізеді.
Кезектен тыс сессияны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей кезектен тыс сессия шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.
10. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен оның өткізілетін орны, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы көрсетілген ақпаратты тиісті мәслихаттың ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы депутаттарды, халықты, әкімді хабардар етеді.
Ақпарат сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемінде үш күн бұрын Целиноград аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемінде үш күн бұрын Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарына және аудан әкіміне қағаз немесе электрондық түрде табыс етеді.
11. Регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында және Целиноград аудандық мәслихаты депутаттарының біліктілігін арттыру кезеңінде депутат қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады, оған жергілікті бюджет қаражаты есебінен негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысы, бірақ жол жүру уақыты мөлшерінде, жол жүру уақыты ескеріліп, мәслихаттың сессиялары, тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін, бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар Целиноград ауданы әкімі аппараты басшысының жалақысынан және жол жүру уақытын ескере отырып, сессияларды, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстарын өткізу, біліктілікті арттыру мерзіміне іссапар шығындарынан аспайды.
12. Сессияның күн тәртібін Целиноград аудандық мәслихатының перспективалық жұмыс жоспарының, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттық фракция, депутаттық топтар мен депутаттар, аудан әкімі ұсынған мәселелердің негізінде мәслихат хатшысы қалыптастырады.
Сессияның күн тәртібіне ұсыныстарды Целиноград аудандық мәслихатының хатшысына жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары, қоғамдық бірлестіктер ұсына алады.
Сессияның күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін. Целиноград аудандық мәслихаты сессияның күн тәртібін бекіту туралы шешім қабылдайды.
Күн тәртібі бойынша дауыс беру әрбір мәселе бойынша бөлек өткізіледі. Егер Целиноград аудандық мәслихаты депутаттарының көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.
13. Сессияға енгізілетін мәселелерді сапалы дайындау үшін Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы аудан әкімімен келісім бойынша сессияны дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын уақтылы әзірлейді және бекітеді.
14. Мәслихаттың қарауына жататын мәселелер бойынша Целиноград аудандық мәслихатының сессияларына аудан әкімі және оның орынбасарлары, ауыл, ауылдық округ әкімдері, жұмысы туралы ақпарат сессияда қаралатын ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары шақырылады. Сессияларға Целиноград аудандық мәслихаты хатшысының шақыруымен аудандық газеттер мен өзге де бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуына жол беріледі.
15. Мәслихаттың отырысына шақырылған адамдар үшін мәжіліс залында арнайы орындар бөлінеді. Шақырылған адамдардың мәслихат сессиясының жұмысына араласуына, мәслихат сессиясының шешімдерін қолдайтынын немесе қолдамайтынын білдіруіне жол берілмейді.
Шақырылған адам тәртіпті өрескел бұзған жағдайда Целиноград аудандық мәслихаты хатшысының шешімі немесе сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің талабы бойынша мәжіліс залынан шығарылуы мүмкін.
16. Целиноград аудандық мәслихатының отырыстары мәслихат айқындаған уақытта өткізіледі.
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы өз бастамасы бойынша немесе депутаттардың дәлелді ұсынысы бойынша үзіліс жариялай алады. Жалпы отырыстың соңында депутаттарға қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз ашылмайды.
17. Мәслихат отырыстарында баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және отырыстарды өткізу тәртібі бойынша, кандидатураларды талқылау, дауыс беру, анықтамалар мен сұрақтар үшін сөз сөйлеу регламентін мәслихат айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, мәслихат хатшысы оның сөзін тоқтатады немесе отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.
Мәслихат депутаты бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Депутаттық сауалдар, сұрақтарға түсініктер мен жауап беру үшін сөйлеу жарыссөздерде сөз сөйлеу деп есептелмейді. Сөйлеу құқығын басқа депутатқа беруге жол берілмейді.
Жарыссөз сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің ашық дауыс беруімен тоқтатылады. Жарыссөзді тоқтату туралы мәселе қойылған кезде мәслихат хатшысы сөз сөйлеуге жазылған және сөйлеген депутаттардың саны туралы хабарлайды, кімнің сөз алуды талап ететінін анықтайды.
18. Отырысты өткізу тәртібі бойынша сөз депутатқа сөз сөйлеп тұрған адамның сөзі аяқталған соң кезектен тыс беріледі. Мәслихат хатшысы анықтама, депутаттық сауал, сұраққа жауап және талқыланып отырған мәселе бойынша түсіндірме беру үшін кезектен тыс сөз бере алады.
Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша сұрақтар мәслихат хатшысына беріледі және мәслихат отырысында жария етіледі.
2. Мәслихат актілерін қабылдау тәртібі
19. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, мәслихат өз құзыретінің мәселелері бойынша мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.
20. Шешімдердің жобаларын мәслихат аппаратының басшысы мәслихат хатшысына береді.
Мәслихат хатшысымен қабылданған шешімдердің жобасы мен тіркелген қағаздарды тұрақты комиссияға қарауға және ұсыныстар ұсынуға жолданады.
Мәслихаттың хатшысы қарауға қабылданған шешімдердің жобаларын барлық қажетті материалдарымен бірге тұрақты комиссияларға қарау және ұсыныстар дайындау үшін жібереді. Бір мезгілде Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріне мәслихат актісінің жобасы бойынша қорытынды, сессияға қосымша баяндама дайындау, қосымша ақпарат жинау және талдау жүргізу жүктелуі мүмкін.
Целиноград аудандық мәслихатының «Аудандық бюджет туралы», «Ауыл, ауылдық округ бюджеттері туралы» шешімдерінің жобаларын дайындау осы Регламенттің 29-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Шешімдердің жобаларымен жұмыс істеу және басқа да мәселелерді дайындау үшін тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады. Қажет болған жағдайда жұмыс тобының құрамына басқа тұрақты комиссияның депутаттары тартылуы мүмкін. Жұмыс тобының жұмысына кез келген депутат қатыса алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, аудан әкімінің ұсынымы бойынша мәслихат онымен бірлескен шешім қабылдайды.
21. Целиноград аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық шешімдері, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялануға тиіс.
22. Сессияға мәселе дайындауға қатысатын тұрақты комиссиялар арасында келіспеушіліктер болған кезде комиссиялардың төрағалары және мәслихат хатшысы оларды жою бойынша шаралар қабылдайды, қалған келіспеушіліктер мәслихат депутаттарының назарына жеткізіледі.
23. Сессияда мәселені қараған кезде шешімдердің жобаларына жауапты комиссияның (жұмыс тобының) немесе депутаттық фракцияның негізгі баяндамасы, ал қажет болған жағдайда мәселені қарауға қатысатын басқа да комиссиялардың (жұмыс топтарының) немесе депутаттық фракциялардың қосымша баяндамасы тыңдалады.
Шешімдер жобаларына жауапты комиссияның (жұмыс тобының) немесе депутаттық фракцияның баяндамасында шешімдердің жобаларына енгізілген және қабылданбаған ұсыныстар көрсетіледі, түзетулерді қабылдаудың немесе қайтарудың себептері дәлелденеді.
Қосымша баяндаманың ережелерімен немесе шешімдердің жобалары бойынша қорытындылармен келіспейтін тұрақты комиссиялар, комиссиялардың және жұмыс топтарының жекелеген мүшелері өз пікірлерін қаралатын мәселе бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейін баяндай алады.
24. Шешімнің жобасын талқылау тармақтар бойынша жүргізіледі. Жобаларға түзетулер ұсынылып отырған өзгерістер немесе толықтырулар нақты тұжырымдалып, олардың шешім жобасының мәтініндегі орны көрсетіле отырып, жазбаша түрде беріледі. Осы талаптарды қанағаттандырмайтын түзетулер қарауға қабылданбайды.
Рәсімдік мәселелер бойынша мәслихаттың шешімдері отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы, жеке шешім қабылданбай, хаттама арқылы қабылданады және отырыс хаттамасында тіркеледі.
Рәсімдік мәселелер: отырысты жүргізу тәртібі, мәселелерді талқылау кезектілігі, жарыссөзді тоқтату, сөз сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту, дауыс беру тәсілі, кворумды куәландыру және дауыстарды қайта санау, бұрын қабылданған шешімдерге қайта оралу және (немесе) қаралатын мәселелер бойынша қайта дауыс беруді өткізу туралы мәселелер болып табылады.
25. Мәслихат сессиясы күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бір мәселе бойынша шешімдердің бірнеше нұсқасы енгізілген жағдайда, олардың әрқайсысы сессияға қатысып отырған депутаттарға беріледі.
Шешімдердің енгізілген барлық жобалары дауысқа салынады. Жобалардың бірі негізге алынғаннан кейін депутаттар оған түзетулер қабылдау рәсіміне кіріседі.
26. Мәслихат шешімінің жобасына түзетулер болған жағдайда, дауыс беру мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) мәслихат шешімінің ұсынылған (пысықталған) жобасы негізге алынады, ол кері қайтарылған жағдайда, түзетулер бойынша одан әрі дауыс беру тоқтатылады;
2) негізге алынған жобаға енгізілмеген түзетулер кезекпен дауысқа салынады;
3) сессия шешімі қабылданған түзетулерді ескере отырып, тұтастай дауысқа салынады. Шешімдердің қабылданбаған жобалары және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайта дауыс беруге жол берілмейді.
27. Түзетулер жеке-жеке дауысқа салынады, оларға дауыс берудің ретін мәслихат хатшысы не оны алмастыратын адам айқындайды. Өзара қарама-қайшы келетін түзетулер бойынша дауыс беру алдында соңғысын төрағалық етуші оқиды. Түзету авторларының олардың мәні бойынша түсінік бере отырып немесе оларды талқылаудан алып тастау туралы ұсыныспен сөз сөйлеуіне жол беріледі.
Мәслихат шешімдеріне өзгерістер оларды қабылдау үшін белгіленген тәртіппен енгізіледі.
Сессиялардың хаттамалары сессиядан кейін бір айдан кешіктірілмей басылып, заңнамада белгіленген тәртіппен сақталады.
28. Жоспарлардың, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларының, олардың орындалуы туралы есептердің, аумақты басқару схемаларының жобалары және мәслихат сессиясының қарауына енгізілетін басқа да мәселелер, сондай-ақ олар бойынша шешімдердің түсіндірме жазбасы мен тиесілігіне қарай келісу бұрыштамалары қоса берілген, барлық қажетті материалдары қоса берілген қазақ және орыс тілдеріндегі жобалары мәслихатқа кезекті сессияға дейін үш аптадан кешіктірілмей мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін шешімдердің жобасы әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттардың қарауына енгізілуі мүмкін.
29. Целиноград ауданы бюджетінің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Мәслихат не аудандық мәслихаттың хатшысы бюджеттің жобасын қарау жөніндегі мәслихаттың уақытша комиссиясын құрады, оның құрамына аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың және ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының өкілдері қосылуы мүмкін.
Мәслихат хатшысы бюджет жобасы түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тиісті комиссиялардың атына бюджет жобасы бойынша қорытынды дайындау үшін қажетті мерзімдерді көрсете отырып тапсырма жібереді.
Тұрақты комиссиялар мәслихаттың уақытша комиссиясының пікірін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептермен Целиноград ауданы бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинау мен Целиноград ауданы бюджетінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.
«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сессия басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей барлық қажетті материалдармен бірге бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын мәслихат хатшысына ұсынады.
Аудандық бюджет облыстық бюджетті бекіту туралы Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерін аудандық бюджетті бекіту туралы аудандық мәслихаттың шешіміне қол қойылған күннен бастап қаржы жылының соңына дейін аудандық мәслихат бекітеді.
Ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерін аудандық мәслихаттың жеке шешімдерімен бекітуге жол беріледі.
30. Мәслихаттың кезекті сессиясына тиісті жылға арналған аудандық бюджетті нақтылауға қатысты жоспардан тыс мәселелер енгізілген жағдайда, материалдарды ұсыну бюджеттік заңнамада көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады.
31. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында тиісті аумақтың бюджетін нақтылау кезінде оны шақыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бюджет жобасын тұрақты (уақытша) комиссияларда қарау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
4. Есептерді тыңдау тәртібі
32. Мәслихат аудан әкімінің есептерін тыңдау жолымен аудандық бюджеттің, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
33. Мәслихат отырысында Целиноград ауданы әкімінің депутаттар алдындағы жыл сайынғы есебін тыңдау күн тәртібі бойынша мәслихат хатшысының не оны алмастыратын адамның қысқаша кіріспе сөзінен басталады.
Мәслихат хатшысының не оны алмастыратын адамның сөзінен кейін Целиноград ауданының әкіміне сөз беріледі.
Әкімнің баяндамасында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауданның даму бағдарламаларының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу, ауданның одан әрі дамуының міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Есеп беруден кейін депутаттар сұрақтар қоюға және оларға жауаптар алуға, өз пікірін айтуға құқылы.
Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың қарауына енгізіледі.
34. Отырыс аяқталғаннан кейін мәслихат хатшысы не оны алмастыратын адам мәселені дауыс беруге қояды:
1) әкімнің (оның міндетін атқарушы тұлғаның)есебін бекіту туралы;
2) есепті қабылдамау және оны қайта тыңдау қажеттілігі туралы.
Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) есебін қайта тыңдау қабылданбаған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) пысықталған есебі қабылданбаған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей мәслихатқа енгізіледі.
35. Әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені мәслихаттың қарауы үшін негіздер болып табылады:
1) әкім ұсынған аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және
әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысының ауыл, ауылдық округ әкімін
лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасауы.
Ауыл, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау Заңның 39-3-бабына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен расталады.
36. Мәслихат, мәслихат хатшысының, тұрақты комиссиялар төрағаларының және мәслихаттың өзге де органдарының есептерін тыңдайды.
Аудандық мәслихат хатшысы жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді.
Аудандық мәслихаттың және мәслихаттың өзге де органдарының тұрақты комиссияларының төрағалары жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есеп береді.
Аудандық мәслихаттың және мәслихаттың өзге де органдарының тұрақты комиссияларының төрағалары жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есеп береді.
37. Ақмола облысының Тексеру комиссиясының аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды.
38. Аудандық мәслихат жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді.
39. Аудандық мәслихаттың есебін халыққа жылына кемінде бір рет жергілікті қоғамдастықтың жаиындарында мәслихаттың хатшысы не оны алмастыратын адам не тұрақты комиссиялардың төрағалары басқаратын депутаттар тобы ұсынады.
Мәслихат хатшысын не оны алмастыратын адамды не тұрақты комиссиялар төрағаларын тыңдау күн тәртібі бойынша тиісті аумақ әкімінің қысқаша кіріспе сөзімен басталады.
Тиісті аумақтың әкімінен кейін сөз мәслихат хатшысына не оны алмастыратын адамға не тұрақты комиссиялардың төрағасына беріледі.
Есеп беруден кейін халық сұрақтар қоюға және оларға жауаптар алуға, өз пікірлерін айтуға құқылы, олар хаттамаға енгізіледі.
Есеп беру кездесулерінің хаттамаларын мәслихат аппаратының басшысы дайындайды және оған мәслихат хатшысы не оны алмастыратын адам не тұрақты комиссияның төрағасы қол қояды.
5. Депутаттардың сауалдарын қарау тәртібі
40. Мәслихат депутаты мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ресми жазбаша сауалмен аудан әкіміне, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшесіне, прокурорға және мемлекеттік органдардың, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жүгінеді.
41. Сессия басталғанға дейін енгізілетін депутаттық сауалдар аудандық мәслихаттың хатшысына беріледі және оларды сессияның күн тәртібіне енгізу туралы мәселе шешілген жағдайда оның отырысында қаралады. Депутаттық сауалдың көшірмесін ол жолданған органға немесе лауазымды адамға оны алғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей аудандық мәслихаттың хатшысы жібереді. Сессияны өткізу барысында енгізілетін депутаттық сауалдар төрағалық етушіге отырыста беріледі.
42. Сессияда қаралуға тиіс басқа мәселелермен байланысты емес депутаттық сауал күн тәртібіне дербес мәселе ретінде енгізіледі не сессия жұмысының соңында бұл үшін арнайы бөлінген уақытта қаралады. Мәслихат сессияның күн тәртібін депутаттық сауалдармен және мәселелермен айналысу үшін уақыт резерві көзделетіндей етіп айқындайды. Сессияда шешілуге тиіс басқа да мәселелерге байланысты депутаттық сауалдар күн тәртібіне енгізілмейді және төрағалық етуші оларды сессияда тиісті мәселе бойынша жарыссөздер басталғанға дейін жария етеді.
43. Мәслихат депутаттық сауалды қарауды басқа сессияға ауыстыра алады. Сессияның күн тәртібі бекітілгенге дейін депутаттық сауалдарды енгізген депутаттар кері қайтарып ала алады. Күн тәртібі бекітілгеннен кейін сауалды қараудан алып тастау мәслихаттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Депутаттық сауалдар сессияның хаттамасына қоса беріледі.
44. Депутаттық сауалға жауап жазбаша нысанда ұсынылады, оған осы Регламенттің 40-тармағында көрсетілген адамдар немесе атына депутаттық сауал жіберілген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде қол қояды.
Депутатқа депутаттық сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріледі. Прокурордың атына берілген депутаттық сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.
6. Лауазымды тұлғалар, тұрақты комиссиялар
мәслихаттың өзге де органдары, мәслихаттың депутаттық бірлестіктері
6.1. Мәслихат хатшысы
45. Мәслихаттың бірінші сессиясында депутаттар мәслихат хатшысының лауазымына кандидатуралар ұсынады, ол тұрақты негізде жұмыс істейтін және мәслихатқа есеп беретін лауазымды адам болып табылады.
Ұсынылатын кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кандидаттар өздерінің алдағы қызметінің үлгі бағдарламаларымен таныстырады. Егер ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусын алса, Кандидат мәслихаттың хатшысы лауазымына сайланды деп есептеледі.
Егер мәслихат хатшысының лауазымына екіден көп кандидат ұсынылған болса және олардың бірде-бірі сайлану үшін талап етілетін дауыс санын ала алмаса, неғұрлым көп дауыс алған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру жүргізіледі.
Егер қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидаттардың бірде-бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан астам даусын ала алмаса, қайта сайлау өткізіледі.
Мәслихат хатшысы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.
Мәслихат хатшысы өкілеттіктерін Заңға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
46. Аудандық мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады, ол мәслихат сессиясында кезекті шақырылымның бүкіл мерзіміне айқындалады.
47. Егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихат хатшысы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
48. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ. Мәслихат хатшысының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде жаңа хатшыны сайлау Заңда және осы Регламентте белгіленген тәртіппен өткізіледі.
6.2. Мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиялары
49. Мәслихат өз өкілеттігінің мерзіміне бірінші сессияда депутаттар қатарынан мәслихаттың қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, оның шешімдерін жүзеге асыруға ықпал ету, өз құзыреті шегінде функцияларды жүзеге асыру үшін тұрақты комиссиялар құрады. Тұрақты комиссиялардың мүшелерін депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы мәслихат сайлайды.
Әрбір тұрақты комиссияның тізбесі, саны және құрамы жеке-жеке дауысқа салынады. Олардың сандық және дербес құрамын мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша мәслихат айқындайды.
Тұрақты комиссиялардың саны жетіден аспауға тиіс.
Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады.
50. Тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, функциялары мен өкілеттіктері Заңмен және осы регламентпен айқындалады.
51. Мәслихаттың қарауына жатқызылған жекелеген мәселелерді сессияларда қарауға дайындау мақсатында мәслихат не мәслихаттың хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдері мен құқықтарын мәслихат оларды құрған кезде айқындайды.
52. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы немесе мәслихат шешімі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізе алады.
Жария тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары нысанында тұрақты комиссиялардың қарауына жатқызылған өте маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
Жария тыңдауларды өткізу үшін депутаттар қатарынан жұмыс тобы құрылады. Тыңдауларды дайындау үшін өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін.
Тұрақты комиссия бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Жария тыңдаулар өткізілгенге дейін бір ай бұрын алдағы жария тыңдаулардың тақырыбын, өткізілетін күні мен уақытын халықтың назарына жеткізеді.
Жария тыңдауларға тұрақты комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырады. Жария тыңдауларда мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларының депутаттары қатыса алады.
Жария тыңдауларда тұрақты комиссияның депутаты сөйлегеннен кейін сұрақтарға жауап беруге уақыт бөлінеді.
Комиссия депутатының баяндамасына сөз сөйлеу қорытындылары бойынша келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер жария тыңдаулар хаттамасына енгізіледі.
Жария тыңдаулардың хаттамасын мәслихат аппаратының қызметкері дайындайды және оған жария тыңдауларда төрағалық еткен депутат қол қояды.
53. Қаралатын мәселелер «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік немесе қызметтік құпияға жатқызылған жағдайларды қоспағанда, тұрақты комиссиялардың отырыстары, әдетте, ашық болады.
Тұрақты комиссиялардың отырыстары қажеттілігіне қарай шақырылады және мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, құқықтық күші бар деп есептеледі.
Тұрақты комиссияның қаулысы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.
6.3. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы
54. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасын мәслихат сессиясында ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен депутаттар қатарынан мәслихат сайлайды және оны лауазымнан босатады.
Егер мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы лауазымына екіден көп кандидат ұсынылып, олардың бірде-бірі сайлану үшін талап етілетін дауыс санын ала алмаса, неғұрлым көп дауыс алған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.
Егер қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидаттардың бірден-бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан көбінің даусын жинай алмаса, қайтадан сайлау өткізіледі.
Егер комиссия отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
55. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы болмаған жағдайда, егер осы Регламенттің 60-тармағында өзгеше көзделмесе, мәслихат хатшысының шешімі бойынша оның өкілеттігін мәслихаттың басқа тұрақты комиссиясының төрағасы немесе мәслихаттың осы тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылатын депутат уақытша жүзеге асырады.
56. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Регламентке және мәслихаттың шешіміне сәйкес жүзеге асырады
6.4. Мәслихаттың есеп комиссиясы
57. Мәслихат не мәслихаттың хатшысы уақытша, оның ішінде есеп комиссияларын құруға құқылы. Есеп комиссияның құрамын, міндеттері мен өкілеттік мерзімдерін мәслихат айқындайды.
Мәслихат есеп комиссиясының тақ саннан тұратын құрамын ашық дауыс беру арқылы депутаттар қатарынан сайлайды.
Мәслихат осы комиссияның құрамына мәслихат аппаратының, мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін қосуға құқылы.
58. Ашық дауыс беру өткізілген кезде есеп комиссиясы дауыс беру және оның қорытындысын шығару процесін ұйымдастырады.
Есеп комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды, оның шешімдері ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Ашық дауыс беру басталар алдында мәслихат хатшысы дауысқа қойылатын ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың мазмұнын оқып береді.
59. Мәслихат хатшысын сайлау үшін жасырын дауыс беру өткізілуі мүмкін. Мәслихат хатшысының шешімі бойынша жасырын дауыс беру өзге мәселелер бойынша да өткізілуі мүмкін..
Жасырын дауыс берудің уақыты мен орнын, оны өткізу тәртібін есеп комиссиясы белгілейді және огы есеп комиссиясының төрғасы хабарлайды.
Бюлелетеньдерді беру тікелей дауыс беру алдында жүргізідеді, олар есеп комиссиясының бақылауымен, ол белгілеген нысан бойынша отырысқа қатысып отырған депутаттардың санына тең мөлшерде дайындалады және оларға есеп комиссиясының төрағасы қол қояды.
Әрбір депутатқа есеп комиссиясының төрағасы қол қойған бір бюллетень беріледі. Бюллетеньдердің жалпы саны мәслихат депутаттарының тізімдік құрамының санынан аспауға тиіс.
Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мәслихат депутаттарына олар депутат куәлігін көрсеткен кезде беріледі.
Белгіленбеген нысандағы бюллетеньдер есептеу кезінде есепке алынбайды.
Белгіленбеген нысндағы бюллетеньдер, ал лауазымды адамдарды сайлау кезінде бір лауазымға біреуден артық кандидатура белгіленген бюлллетеньдер де жарамсыз деп есептеледі. Дауыстарды санау кезінде бюллетеньде қосымша жазылған тектер есепке алынбайды. Біреуден артық шешім жобасы белгіленген бюллетеньдер жарамсыз деп есептеледі.
Толтырылмаған бюллетеньдер және барлық кандидаттардың тектері белгіленбеген бюллетеньдер жарамды деп танылады, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайды.
Есеп комиссиясы дауыс беру аяқталған соң дауыс беруге арналған жәшікті ашуға тиіс. Дауыс беру аяқталғанша жәшікті ашуға тыйым салынады.
Есеп комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған есеп комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
Өткізілген дауыс беру рәсімі мен техникасында қателер анықталған жағдайда мәслихаттың шешімі бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.
Дауыс беру кезінде болмаған мәслихат депутаты кейіннен дауыс беруге құқылы емес.
6.5. Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер
64. Мәслихат депутаттары саяси партиялардың фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құра алады. Мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды. Депутаттың бір ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.
65. Депутаттық фракциялар мен топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады, келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі және тек ақпараттық сипатта болады.
66. Депутаттық бірлестіктердің мүшелері:
1) мәслихаттың күн тәртібі, талқыланатын мәселелерді қарау тәртібі және олардың мәні бойынша ескертулер мен ұсыныстар енгізуге;
2) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша пікірлерін айтуға;
3) мәслихат шешімдерінің жобаларына түзетулер ұсына алады;
4) депутаттық бірлестіктің қызметі үшін қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға құқылы.
67. Саяси партияның фракциясы өз қызметінде саяси партияның басшы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, саяси партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысына қатысады, сондай-ақ мәслихаттың кемінде үш депутатын біріктіреді. Депутаттық топтың құрамы мәслихаттың кемінде бес депутатынан тұрады.
7. Депутаттық әдеп қағидалары
68. Мәслихат депутаттары:
1) бір-біріне және мәслихат сессияларының, мәслихат комиссиялары мен оның жұмыс органдарының жұмысына қатысатын барлық басқа да адамдарға құрметпен қарауға тиіс;
2) өз сөздерінде мәслихат депутаттарының және басқа тұлғалардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін негізсіз айыптауларды, дөрекі, қорлайтын сөздерді қолданбауға тиіс;
3) заңсыз және зорлық-зомбылық әрекеттерге шақырмауға тиіс
4) мәслихаттың, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының қалыпты жұмысына кедергі келтірмеуге тиіс;
5) сөйлеушілердің сөзін бөлмеуге тиіс.
69. Бұқаралық іс – шараларды өткізу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлегенде, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың қызметіне пікір білдіргенде депутат анық, тексерілген фактілерді ғана пайдалануға тиіс.
70. Депутат мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынаста өзінің депутаттық мәртебесінің артықшылығын жеке мақсатта пайдаланбауға тиіс.
71. Мәслихат депутаты депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде өзіне белгілі болған мәліметтерді, егер бұл мәліметтер мәслихат сессияларының, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жабық отырыстарында қаралған мәселелерге қатысты болса, жария ете алмайды.
72. Мәслихат атынан өкілдік етуге арнаулы өкілеттігі жоқ мәслихат депутаты мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тек өзінің атынан ғана байланысқа түсе алады.
73. Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны, сондай-ақ мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық әдеп қағидаларын бұзғаны үшін мәслихат депутатына мінеу және (немесе) жария кешірім сұрауға мәжбүр ету түріндегі жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.
8. Мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру
74. Мәслихат депутаттары біліктілігін арттырудан өтеді. Мәслихаттар депутаттарының біліктілігін арттырудан өту мерзімділігі сайланған депутат өкілеттігінің алғашқы екі жылы ішінде бес жылда бір рет болады.
75. Мәслихат депутаттары біліктілігін арттыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдары мен олардың филиалдарына жіберіледі.
76. Мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру ұзақтығы кемінде 40 академиялық сағатты құрайды.
77. Біліктілікті арттыруды табысты аяқтаған депутаттарға біліктілікті арттыруды аяқтағанын растайтын қағаз түріндегі немесе электрондық түрдегі сертификат беріледі.
78. Мәслихат аппараты мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жоспарлайды.
9. Мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастыру
79. Мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық – талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету үшін мәслихат аппараты құрылады.
Мәслихат аппараты жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қамтылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Мәслихат аппараты туралы ережені мәслихат бекітеді.
80. Мәслихат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген штат санының лимиті мен бөлінген қаражат шегінде мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді, оны қамтуға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды.
81. Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мәслихаттың өкілеттік мерзімі аяқталғанда, мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслиахт аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.