Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 90/17-7 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақмол ауылы       № 105/19-7    2022 жылғы 18 ақпан

 

Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 90/17-7 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Целиноград аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 90/17-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26201 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 32 251 238,3 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 474 126,3 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 37 216,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 000,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 28 729 896,0 мың теңге;

2) шығындар – 35 148 823,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 70 527,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 238 914,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 168 387,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 66 000,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 034 112,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 034 112,4 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімдері – 1 948 434,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 168 387,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 254 065,4 мың теңге.»;

5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. 2022 жылға арналған аудандық бюджет кірістерінің құрамында облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер және ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер 5-қосымшаға сәйкес ескерілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                          Л. Конарбаева

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Целиноград ауданының әкімі

Б. Оспанбеков

2022 жыл 18 ақпан

 

«Целиноград ауданының

экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы

Б. Куликенов

2022 жыл 18 ақпан

шешім
Дата публикации
18 февраля 2022