Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы

Бүгін Целиноград ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыста жұмыс тобының жетекшісі Азамат Қанапиянов төрағалық етті. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына жұмыс тобының мүшелері: Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Бахтияр Жұмабай, Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Сәкен Сүлейменов, Целиноград ауданының Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Жанар Хасенова, зейнеткер Яков Мофа, жұмыс тобының бақылаушысы: «Есіл-Нұра» аудандық газетінің жауапты хатшысы Рауза Түгелбаева қатысты.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

1. Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ереженің жобасын талқылау.

2. Целиноград ауданының Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылау, Қоғамдық кеңес мүшелігіне әрбір кандидатпен әңгімелесу өткізу және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беру.

Бүгінгі күні Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне 17 өтініш түскен болатын. Жұмыс тобының мүшелері келіп түскен өтініштерді қарап, әрбір кандидатпен әңгімелесу және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді өткізді. Жұмыс тобы отырысының қатысушылары өткізілген әңгімелесу және дауыс беру қорытындысы бойынша Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамы анықталды. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының бекітуіне енгізілді.

Дата публикации
02 марта 2022