«Ақпараттық саясат, ауқымды жалпыұлттық жобаларды және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру

Целиноград аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік пен этика жөніндегі тұрақты комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Ақмол ауылы         № 02-01/43         18 ақпан 2022 жыл

 

«Ақпараттық саясат,

ауқымды жалпыұлттық

жобаларды және «Рухани жаңғыру»

бағдарламасын іске асыру

 

«Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Е. Байділдинаның жоғарыда аталған мәселе бойынша баяндамасын тыңдап және талқылай отырып, Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша кешендегі барлық жобалар өткізілетін іс-шаралардың сапасын жаңа деңгейге көтеруге, мақсаты күшті және жауапты адамдардың біртұтас ұлтын құру болып табылатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға аудан тұрғындарын тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаев Рухани жаңғыруға жетелейтін бағдарламалық мақаласында бүкіл қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше басымдығын ерекше атап өтетіні баршаға мәлім. Біздің басты міндетіміз – білімді, ашық, жігерлі ұрпақ тәрбиелеу. Үздік дәстүрлерді табысты жаңғырта отырып, жастарды ұлттық-рухани құндылықтарға баулу. Осы бағдарламаны іске асыруда білім алушылар білімнің жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз ете отырып, ашықтық, прагматизм және бәсекеге қабілеттілік сияқты болашақ мамандардың санасын жаңғыртудың негізгі қағидаттарын ұстанамыз.

Биыл Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылып жатқанына бес жыл толады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Атамекен» базалық жобасы аясында жобалар іске асырылды:

2021 жылы «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыруға аудан меценаттары 106 миллион 134 мың теңгеге демеушілік көмек көрсетті.

2018 жылы 495 миллион теңге.

2019 жылы 2 миллиард 214 мың теңге.

2020 жылы 236 миллион теңге.

«Атамекен» жобасы бойынша барлығы 4 миллиард 600 миллион теңге сомасына жобалар іске асырылды.

Жыл сайын Целиноград ауданында «Жомарт жүрек» сыйлығының меценаттарын марапаттау өткізіледі.

2018 жылы 7 меценат.

2019 жылы 4 меценат.

2020 жылы 5 меценат және 2 ұйым.

2021 жылы 8 меценат.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы бойынша.

2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының Республикалық деңгейінің жеңімпазы Целиноград ауданының Родина ауылдық округінің әкімі, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Белла Асланбековна Газдиева болды.

2018 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының облыстық деңгейіне 5 үміткер өтті: Қапанов А.Ш., Матайбаева С. Ә., Жакенов К., Исабаев Б. А., Қалмаханов А. Ғ.

Жобаның республикалық деңгейіне Қалмаханов Айтмұхамед Ғаниұлы, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Қызылсуат ауылының мектебінде информатика пәнінің оқытушысы өтті.

2019 жылы балабақша тәрбиешісі Жәкенова Назгүл Төлепбергенқызы республикалық жоба жеңімпаздарының бірі болды.

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша ауданда келесі жобалар жүзеге асырылды:;

- Ақмол ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды, жобалық құны 848 миллион теңге;

- Софиевка ауылында мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді, жобалық жұмыс құны 451 миллион теңге;

- Софиевка ауылында кірме жолы бар жолдардың күрделі жөндеуі аяқталды жобалық құны 1 миллиард, 901 миллион теңге;

- Қараөткел ауылында жобалық құны 26 миллион теңге болатын спорт алаңы орнатылды;

- Қараөткел ауылында ойын алаңы орнатылды, жобалық құны 15 миллион теңге.

Шынында да, көп жұмыс жасалды. Жалпы, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының барлық бағыттары бойынша іске асыру қорытындылары бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілді және болашаққа нақты жоспарлар бар.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Ұлы дала кеңістігіндегі қазақ халқының тарихын, олардың жаһандық тарихтағы, әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын зерделеу және танымал ету, жаңа тарихи сананы, өз халқының тарихына деген мақтаныш сезімін, патриотизм рухын және ұлт болашағына деген сенімділікті қалыптастыру мақсатында өңірде маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды:

- Целиноград ауданында 2021 жылдың басынан Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын дәріптеу және түсіндіру бойынша ақпараттық – насихаттау топтары ұйымдастырылды, 16 мың адам сохватпен 2830 іс-шара өткізілді: (1975 онлайн және 855 оффлайн).

- аудан аумағында осы тақырып бойынша 24 баннер орналастырылды.

«Атқа міну мәдениет» мақаласының басымдықтарының бірі.

Бүгінде Целиноград ауданында ат спортының ұлттық түрлерін дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері «Атқа міну мәдениеті» бағытын жүзеге асыру аясында 8 мың адамды қамтитын 29 іс-шара өткізілді.

«Атқа міну мәдениеті» басымдығы шеңберінде «Ат – Тревел» республикалық клубымен бірлесіп бірқатар атты экспедициялар өткізілді.

Келесі «Ұлы адамдардың ұлы есімдері» басымдықтарының бірі.

«Ұлы адамдардың ұлы есімдері» бағытын жүзеге асыру аясында Целиноград ауданында 555 іс-шара өткізілді, 15 мың адам қамтумен, аудан мектептеріндегі дәрістер, дөңгелек үстелдер, диспуттар, зияткерлік ойындар өткізілді.

Аудан орталығы Целиноград ауданы Ақмол ауылында Қазақ Конституциясының нышандары – Төле би, Қазбек би және Әйтеке би ескерткіші орналасқан көшеге Тәуке хан заңдарының жеті негізгі тармағын білдіретін «Жеті жарғы» атауы берілген. Осы негізгі көшеде әкімшілік ғимарат орналасқан: «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы, аудандық сот және аудандық прокуратура.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» аллеясы ашылды.

Аудан әкімдігінде «Ұлы даланың ұлы есімдері» фотогаллереясы ашылды. Бұл фотогалереяда күлтегін, Ахмет Яссауи, Әл-Фараби, Төле би, Қазбек би, Әйтеке би, Аз Тәуке хан, Абылай хан, Сұлтан Бейбарыс, Кенесары Қасымұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев сынды ұлы тұлғалардың портреттері ілінген.

Бұл мақала халықтың мәдени-рухани дамуына бағытталған. Оны жүзеге асыру үшін ортақ бірлік пен күш-жігерді біріктіру қажет. Ауданда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ашылды, ол бағдарламалық құжаттар бойынша жұмысты жоспарлайды, мониторингтейді және жандандырады.

Бүгінгі күні ауданда әртүрлі спектрді көрсететін 10 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді: халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету және қолдау көрсету, өскелең ұрпаққа экологиялық, патриоттық тәрбие беру, спорттық қызмет.

Ауданда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаты көзделген, олардың әкімшілері «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы «Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері аудан аумағында өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады: отырыстар, комиссиялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқалар. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы комиссиялар құрамына енгізілді.

Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жыл сайын аудандық Азаматтық форум, сондай-ақ осы жылы үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен аудандық әкелер форумы және аналар форумы өткізіліп, отбасы институтын нығайту және дамыту арқылы балаларға толыққанды тәрбие беруді насихаттауға бағытталған. Карантиндік сақтық шараларына байланысты көптеген іс-шаралар онлайн режимінде өткізілді.

Жалпы, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының барлық бағыттары бойынша іске асыру қорытындылары бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілді және болашаққа айқын жоспарлар бар.

Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Сонымен қатар, ауқымды жалпыұлттық жобалар мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың үлкен көлеміне қарамастан, халық пен жастардың бойында қызығушылық пен құрметке, сондай-ақ туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне ұқыпты қарауға тәрбиелеуге әлі де жеткілікті көңіл бөлінбейді. Бизнесмендер, зиялы қауым өкілдері мен жастар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша түсіндіру жұмысы жеткілікті белсенді емес, жұмыстың осы бағытында жастардың бастамалары іс жүзінде жоқ.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Е. Байділдинаның «Ақпараттық саясат, ауқымды жалпыұлттық жобаларды және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру» мәселесі жөніндегі ақпараты назарға алынсын.

2. Целиноград ауданының әкімдігіне, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Айтужинова А. К., Байділдина Ж. Е.) ұсынылсын:

1) ауқымды жалпыұлттық жобаларды және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сапалы бақылауды қамтамасыз ету;

2) ауқымды жалпыұлттық жобалардың және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру бойынша аудан әкімдігінің ақпараттық-үгіт топтарының жұмысын жалғастыру.

3. «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Ж. Е. Байділдина), «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Ж. М. Жанабекова), «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Қ. Е. Ахметов), ауылдар мен ауылдық округтер әкімдеріне ұсынылсын:

1) білім беру, экология және абаттандыру саласында өлкетану жұмысын жалғастыру, туған өлкенің тарихын зерделеу, жергілікті маңызы бар мәдени-тарихи ескерткіштер мен мәдени объектілерді қалпына келтіру;

2) Целиноград ауданында ауқымды жалпыұлттық жобалар мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы неғұрлым жарқын және көрнекі іс-шаралар туралы мақалаларды жариялау арқылы аудан халқын хабардар етуді жалғастыру.

4. «Esil-Nurа», «Вестник Акмола» газеттерінің редакцияларына (Ж.С. Түгелбаев) ауқымды жалпыұлттық жобалардың және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру бойынша мақалаларды жариялау бойынша одан әрі ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихатының заңдылық, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік және этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Ибряев) жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Целиноград аудандық

мәслихаты тұрақты

комиссияларының

төрағалары                                                     И. Сәденова   

                                                                            С. Ибряев    

2022 жылғы 18 ақпандағы № 02-01/43 қаулы
Дата публикации
18 февраля 2022