«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2022 жылғы 15 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар, өтініштер қабылданатынын хабарлайды

Құжаттар коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан жазбаша түрде Целиноград аудандық мәслихатының аппаратына, күн сайын, сенбі және жексенбіден басқа, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, Целиноград ауданы, Ақмол аулы, Наурыз көшесі 34, 401-кабинет, мекен-жайы бойынша, сондай-ақ, celin_obshsovet@mail.ru электрондық мекен-жайға қабылданады.   Байланыс телефондары 8 (71651) 30165.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Қоғамдық кеңес өкілеттігінің мерзімі үш жылды құрайды. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін. «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын ҚР азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Дата публикации
15 февраля 2022