Қабылданған Заңға және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес қоғамдық кеңестерді жұмыс топтары мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.
2022 жылдың 14 ақпанда Целиноград ауданының мәслихатында Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша ашық конкурс өтті. Жұмыс тобының бірінші отырысын Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы Л.А.Қонарбаева өткізді.
Отырыс қорытындысы бойынша Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы 5 адамнан бекітілді.